Намыс футбол клубы — 1992-1996 жылдары Қазақстанда чемпионаттарында ойнаған футбол клубы. Клубтың басқалардан ерекшелігі — құрамында тек қазақ жігіттері ғана ойнады.

Тарихы 1991 жылы "Спорт" газетінің редакторы Несіп Жүнісбаев тек қазақ балаларынан құралған команда жасақтау идеясын жариялады. Егер газетке көптеп жазылса, содан түсетін қаржы клубтың шығынын да көтере алатынын мәлімдеді. 1992 жылы жер-жерлерден оқырмандар клубтың болашағы үшін газет қорына шамалары жеткенше ақша аудара бастады да, 1992 жылы клуб селекционерлері жер-жерлерден 6, 7, 8 сынып оқитын, допты жақсы игере алатын қазақ балаларын жинау үшін Қазақстанды аралап кетті. Онысы нәтиже берді де, бірнеше баланың басын қосып, "Намыс" футбол мектебін құрды. Кейін сол мектептен Нұрбол Жұмасқалиев, Нәкен Қырықбаев, Алмас Құлшынбаев, Асқат Қадырқұлов секілді ұлттық құрамада ойнаған футболшылар өсіп шықты.

Сол жылы "Намыс" кәсіби футбол клубы құрылды да, Қазақстан чемпионатына қатысты. Бірақ таза қазақ футболшыларынан құралған клуб айтарлықтай нәтиже көрсете алмай, төменгі орындарда қалды да, 1994 жылы бірінші лигаға түсіп қалды.

1995 жылы бірінші лигада элитаға көтерілу үшін біраз әрекеттенді. Шығыс аймақта сынға түсіп, төрт клубтың ішінде екінші орынға көтерілді. Финалдық турнирде де аса нашар ойнаған жоқ, жоғары лигаға жолдама беретін үшінші орынға іліге алмады, үшінші орындағы "Көкше" клубынан 6 ұпай артта қап кетті.

1995 жылғы маусымның соңында қаржы мәселесі қиындап кетті де, клуб жабылып қалды.

Клубта әр жылдары жоғарыда аталғандардан бөлек Асан Кәриев, Қайрат Кәрімов, Асхат Борантаев секілді футболшылар өнер көрсетті.

Статистикасы ЖылЛигаОрынОҰТЖДопКубок1993Б тобы1022521518 — 621/1613-25 орын2424331821 — 5519941 лига836981933 — 481/81995Шығыс тобы2641110 — 4—Финал41041513 — 16

Жетістіктері мен жеңілістері Ең үлкен жеңісі Қазақстан чемпионаты 1992 — 3:0 («Қарашығанақ», Ақсай)

Ең үлкен жеңілістері Қазақстан чемпионаты 1992 — 0:8 («Батыр», Екібастұз)

Сілтемелер footballfacts.ru Қазақ футболының намысын жаныған «Намыс»

Санат:1992 жылы құрылған футбол клубтары Санат:1996 жылы жабылған футбол клубтары Санат:Намыс ФК