Радиофизика — электрмагнитті тербелістердің генерация, күшейту процестерін, қайта жасалуын, сонымен қатар сәулелену радиотолқындарын тарату мен оны қабылдау процестерін қарастыратын физика саласы.
Радиофизикаға квантты (квантты радиофизика) — генерация, индукциялы сәулеленудің негізіндегі радио және оптикалық диапазондардың электрмагнитті толқындарын қайта жасау мәселелері кіреді. Радиофизика радиотехника және электроника ғылымының негізі болып табылады. Радиофизиканың зерттеу әдістері радиометеорологияда, радиоастрономияда, геофизикада т.б. кеңінен қолданылады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
Дереккөздер
Санат:Әскери іс