thumb|right|200px|Рамазан Салықұлы Бапов Рамазан Салықұлы Бапов (16.08.1947, Алматы — 11.03.2014, Алматы) — биші, КСРО халық артисі (1979).

Өмірбаяны Мәскеу хореографиялық училищесін бітіріп (1966), Қазақ опера және балет театрына қабылданған.

Саханалаған рольдері thumb|right|200px|Рамазан Бапов «Спартак» балетіндегі Спартак рөлінде Бапов сахнаға шығарған Зигфрид, Дезире (П.И. Чайковскийдің “Аққу көлі” мен “Ұйқыдағы аруында”) Базиль, Солор (Л. Минкустың “Дон-Кихоты” мен “Баядеркасында”) Спартак (А.Хачатурянның “Спартагында”) Альберт (А. Аданның “Жизелінде”) Ромео (С. Прокофьевтің “Ромео мен Джульеттасында”) сияқты классикалық бейнелер оның шеберлігін толық байқатты.

Осындай мол тәжірибені ол балетмейстерлік жұмысына және қазақтың классикалық балетін дамытуға пайдаланды. Бапов билеген М.Сағатовтың “Әлиясындағы” Жігіт Т. Мыңбаевтың “Фрескаларындағы” Ишпақа Е. Брусиловскийдің “Қозы Көрпеш — Баян сұлуындағы” Қозы партиялары ұлттық қимыл-қозғалысты классикалық канондармен қабыстыра отырып, албырт жастықтың адал махаббатын нәзік бейнелейді.

Бапов шығармаларындағы Қозы мен Спартак бейнелері театр тарихында қалған жарқын жұмыстар.

thumb|right|200px|Рамазан Бапов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» балетіндегі Козы рөлінде Гастрольдік сапарлары Берлиндегі дүниежүз. жастар мен студенттер фестиваліне Батыс Берлиндегі қазақ өнері күндеріне (1981) қатысты. Гастрольдік сапармен Үндістан, Иордания, Малайзия, Сингапур, т.б. шет елдерде болды.

Марапаттары бүкілодақтық, Мәскеу (1969) халықар. (Варна, 1974) балет артистері конкурсының лауреаты “Құрмет белгісі” орденімен марапатталған. Қазақстан мемлекеттік сыйлық (1976) Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы (1981) лауреаты.Қазақ ЭнциклопедиясыҚазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

Дереккөздер

Санат:16 тамызда туғандар Санат:1947 жылы туғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:11 наурызда қайтыс болғандар Санат:2014 жылы қайтыс болғандар Санат:КСРО балет әртістері Санат:Қазақстан балет әртістері Санат:XX ғасыр балет әртістері Санат:Қазақстан балетмейстерлері Санат:КСРО балетмейстерлері Санат:АҚШ балетмейстерлері Санат:XX ғасыр балетмейстерлері Санат:КСРО хореографтары Санат:Қазақстан хореографтары Санат:АҚШ хореографтары Санат:XX ғасыр хореографтары Санат:КСРО балет педагогтары Санат:Қазақстан балет педагогтары Санат:АҚШ балет педагогтары Санат:Түркия балет педагогтары Санат:XX ғасыр балет педагогтары Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері Санат:КСРО халық әртістері Санат:Лениндік комсомол сыйлығының иегерлері Санат:Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:Мәскеу хореография училищесі түлектері Санат:Санкт-Петербург консерваториясы түлектері Санат:Қазақстан халық әртістері Санат:Қазақ өнер академиясы оқытушылары Санат:Кеңсай зиратында жерленгендер