Корей мәдени орталығы, Талдыкорған қаласында 1989 жылы ашылды. Талдықорған қаласында қазір корей ұлтының 4210 өкілі тұрады. Мәдени орталық корей ұлтының мәдениетін дамытуды және корей тілін үйретуді мақсат етеді. Қалада 2 кәріс ұлттық ән және би ансамблі ("Ачимноуль" және "Камгансан") ұйымдастырылған. Ансамбльдер түрлі фестивальдар мен байқауларға қатысты. Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3

Дереккөздер