Қайнарлы — Жетісу облысы Ескелді ауданындағы ауыл, Қайнарлы ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Қарабұлақ ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 20 км-дей жерде, Мыңшұңқыр жотасының батыс баурайында, жусан, ши аралас астық тұқымдас шөптесін өскен қоңыр, қызғылт қоңыр топырақты тауалды жазығында орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен785696 862 123,9 374472 126,2 322 390 121,1
Тарихы Ауыл 1993 жылға дейін "Ключевое" деп аталған. 1963-97 жылдары сүт өндіретін Фурманов ұжымшарының орталығы болды. Оның негізінде Қайнарлыда және округке қарасты Ақтасты, Қоржымбай ауылдарында шаруа қожалықтары құрылды.
Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, фельдшер-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары баска елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3
Дереккөздер
Санат:Ескелді ауданы елді мекендері