Қаракемер – ежелгі заманнан сақталған обалар, Алматы облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археологиялық ескерткіш.
Орналасқан жері Еңбекшіқазақ ауданындағы Түрген өзенінің оң жағасында.
Сипаты 1939 жылы А.Н. Бернштам, 1956 жылы Е.И. Агеева бастаған Жетісу археологиялық экспедициясы зерттеген. Қаракемер обасында 22 қорған болған. Диаметрі 12-60 м. Биіктігі 0,5-12 м. XIX-XX ғасырдағы археологтардың зерттеулеріне қарағанда, Түрген өзенінің екі жағында да ежелгі заманда ірі елді мекендер болған. 1935 жылы Түрген археолгиялық экспедициясы өзеннің сол жағынан ежелгі қоныс жұртын тапты. Ол жерден жиегі өрнектелген қыш ыдыстар, құмыралар алынды, ал 1897 жылы Н.Н. Пантусов орта ғасырлық қола теңге тапқан. 1869 жылы В.В. Радлов Түрген өзенінің сол жағындағы 10 қорғанды қазып, темір қылыштың, қыш құмыралардың сынықтарын жинады. Осы жерге таяу 32 қорғанды 1956 жылы Е.И. Агеева басқарған экспедиция зерттеген. Мұның диаметрі 12-14 м, биіктігі 0,3-7 м. А.Н. Бернштамның пікірінше, Қаракемер обалары б.з.б. III – б.з. II ғасырдың аралығындағы ескерткіштер.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3
Дереккөздер
Санат:Қазақстан археологиялық ескерткіштері Санат:Алматы облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері Санат:Қазақстан обалары