Қаратал — Жетісу облысы Ескелді ауданындағы ауыл, Қаратал ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Қарабұлақ ауылынан шығысқа қарай 17 км-дей жерде, Шежі өзенінің жағасында, Мыңшұңқыр тауының батысындағы бетеге, боз, селеу, айрауық, т.б. шалғынды шөп өскен қызғылт қоңыр, қара топырақты тауалды жазығында орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен18081897 1708 90 934 843 90,3 963 865 89,8
Тарихы Іргесі 1936 жылы бау-бақшамен айналысатын Коминтерн ұжымшары ретінде қаланған. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3
Дереккөздер
Санат:Ескелді ауданы елді мекендері