Жауынгерлік міндет — командирдің белгілі бір тапсырмасын белгіленген мерзім ішінде орындау үшін әскери құрама, бөлім, бөлімше алдына қойылған міндет. Жауынгерлік міндет мазмұны іс-қимылдың түріне, карсыластың қандай кару колданатынына және оның күші мен құрамына, әрекет қимылдарының сипатына, өз күшінің құрамына, қару-жарақтарына, құраманың (бөлімнің, бөлімшенің) жауынгерлік қабілетіне, жер жағдайына, ауа райына, т.б. байланысты. Жауынгерлік міндет ауызша немесе жазбаша жауынгерлік бұйрык, жеке нұсқау, карта-бұйрық түрінде орындаушыға түсіндіріледі. Жауынгерлік міндет жауынгерлік іс-қимылдың сипаты мен тәсілін анықтаудың, өзара байланысты қимыл жасау ісін ұйымдастырудың және ұрыста әскерлерді басқара білудің негізі. Жауынгерлік міндеттің орындалуы — әскерлердің қимыл-әрекетінің сәтті аяқталуының шарты.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ , 2001 жыл

Дереккөздер

Санат:Әскери іс