Әуе шабуылына қарсы қорғаныс () — зениттік ракеталар, жойғыш авиация, радиотехникалық аспаптар және т.б. құралдар арқылы жасалған қорғаныс. Олар қарсыластың авиациясы мен қанатты және стратегиялық ракеталарының соққысына тойтарыс береді, қарсыластың ұшақтары мен ракеталарын жояды. Қорғаныстың нәтижелі болуы осы күштер мен құрал-жабдықтарды әдісін біліп, пайдалануға байланысты. Әуе шабуылынан қорғауға жататын объектілер: негізгі саяси-әкімшілік орталықтар, аса манызды шаруашылык объектілері мен аудандар, қатынас жолдары, ракеталарды ұшыру позициялары, алысқа ұшатын және көліктік авиация аэродромдары, флот базалары, әскерлерді ұйымдастыру және дайындау аудаңдары және т.б.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
Дереккөздер
Санат:Әскери іс