Әбдірахман Көшерұлы Айсарин (1898 – 1938) (Бұрынғы Ақмола губерниясы, Петропавл уезі, Аққусақ болысы, Шоға ауылы, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы - 1938) - Жазушы, публицист.
Өмірбаяны
1916 – 1918 жж. Троицк қаласындағы «Уазифа» медресесінде оқып, ол жабылып қалған соң, ауыл мұғалімдерінің курсын бітірген (1919).Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл 1919 – 1921 жж. Орынборда шығып тұрған «Ұшқын» және «Еңбек туы» газеттерінде әдеби қызметкер 1921 – 1922 жж. Ә. Жанкелдиннің басқаруымен Орынбордан Семейге дейін Қазақстанның солтүстік облыстарын түгел аралаған «Қызыл керуеннің» хатшысы 1922 – 1923 жж. Семей губерниялық комсомол комитетінде қызметкер 1923 – 1926 жж. Петропавл уезінде халық соты 1926 – 1932 жж. «Бостандық туы», «Кеңес ауылы», «Еңбекші қазақ» газеттерінде журналист 1923 – 1937 жж. Қазақстан Жазушылар одағының Петропавл бөлімшесінің бастығы. 1938 жылы жазықсыз жаза құрбаны болған, кейін ақталды."Қазақ Энциклопедиясы"
Шығармашылығы
1919 жылдан шығармашылықпен айналыса бастайды. Қазақ ауылының тыныс-тіршілігін, адамның бас бостандығын, сүйіспеншілік пен парасатталықты бейнелеген «Болсаң, Болаттай бол» «Мәжен» «Той тарқар» «Бәсекелестер жиыны» «Жол айырығы» «Айжанның азабы» (1924) «Мырзалар» (1927) «Жүрек жұмбағы» (1928), т.б. әңгімелері «Көн құрысса, қалпына барады» «Алма өз түбінен аулаққа түспейді» (1927 — 28) атты повестері жарық көрді.
Сыртқы сілтеме • АЗАТТЫҚ БОЛҒАН АРМАНЫ, ерлер еді елдің ардағы
Дереккөздер
Санат:1898 жылы туғандар Санат:Жамбыл ауданында (Солтүстік Қазақстан облысы) туғандар Санат:1938 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақстан жазушылары Санат:КСРО-да репрессияланғандар