Минадан қорғаныс (Противоминная оборона) — кемелердің (көліктердің) минадан жарылу кауіпсіздігін камтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын ұрыс қимылдары және арнайы шаралар. Минадан қорғаныс мүддесінде: күштердің орналасу аудандарында, көшу жолдарында және ұрыс кимылдары аудандарында бакылау мен табылған миналар туралы хабарландыру, тралдау мен миналарды жою, кемелерді (көлікті) тралдар соңынан өткізу, табылған миналарды айналып өту ұйымдастырылады. Сонымен қатар, жүзбелі миналарды іздеу мен жою жүргізіледі, кажет болған жағдайда флот күштерін жою болжанған аудандарда, фарватерлерде бакылаулық тралдау ұйымдастырылады. Акваторияны бақылау жағалаулық посттардан, кемелермен және авиациялық мина іздеу құралдарымен жүзеге асырылады. Табылған минаның орны туралы оларды тралдау мен жою үшін бөлінген күштерге хабарланады. Әдетте, бұл үшін арнайы тралдаушы кеме, тіқұшақ, миналық бөгеттерді бұзатын кемелер, минаны жою құралдарымен жабдықталған ұшақтар тартылады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл

Дереккөздер

Санат:Әскери іс