Панасыз балалар - ата-ана немесе мемлекет қамқорлығысыз, тұрақты мекен жайы, жасына сәйкес шұғылданатын позитивті ісі болмаған, қажетті күтім, тәрбиеден айрылған, жұйелі оқуы жоқ балалар. Панасыз балалар қылмыстық ортада жиі болып қалатындықтан, панасыздық құқыққа қарсы мінез-құлықпен ерекшеленеді. Әлеуметтік жұмыста өзара әрекет - дұрыс бейімделмеген балалар мен жеткіншектердің әлеуметтік реабилитациясына қатысушы әртүрлі салалық мамандардың іс-әрекеті арасында байланыс кұру. Бұл байланыстардың формасы әртүрлі: өзара ақпарат, келісім, бірлескен іс-әрекет, өзара көмек, бала жөнінде ақпаратты пайдалану, бір маманның басқасына сұраныс жасауы, өзара оқыту.Орысша-қазақшатүсіндірмесөздік: Педагогика / О 74 Жалпыредакциясынбасқарғанэ.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б.ISBN 9965-808-85-6 Дереккөздер
Санат:Педагогика Санат:Терминология