1.Ежегей көбінесе кой сүтіне езілген құрт қосқан қойыртпақ. Ол адамды тез толтырады, оңалтады. 2.Ежегей — қой сүтінен дайындалған тағам. Қой сүтіне езілген құрт қосқан қойыртпақ. 2,5 л қатық немесе айран, 1 л сүт, 50 г май және 1 шай қасық түз қажет. Сүтті қайнатып, үстіне айранды немесе қатықты құяды да 1—2 мин қайнатады. Содан соң қоспадағы ірімшікті сүзіп алып, үстіне тұз және май салып араластырады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.ISBN 9965-36-414-1
Дереккөздер
Санат:Қазақ асханасы Санат:Тағамдар