Сақтандыру шарты - сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы олардың өзара міндеттемелерін тәптіштейтін келісім.Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы — Алматы: Экономика, 2006. ISBN 9965-783-20-9 Бұл келісім бойынша бір тарап (сақтандырушы) шартта көзделген уақиға басталған кезде екінші тарап (сақтанушы) төлейтін шартта уағдаласылған ақшалай сома (сақтандыру жарнасы) үшін сақтанушыға немесе өзге тұлғаға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін төлеуге міндеттенеді. Шарт тек жазбаша түрде ғана жасасылады, жеке немесе ұжымдық сақтандыру шарты болуы мүмкін.Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім жэне ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2 Дереккөздер
Санат:Сақтандыру