Қайталақтау (қайталампаздық), немесе тавтология (;  + )— сөзді я пікірді сөзбе-сөз немесе мағынасы соған жуық сөздермен қайталап айту. Сөз болып отырған зат туралы әсерді күшейту үшін стилистикалық мақсатта кең қолданылады. Мысалы: Мұнар да мұнар, мұнар күн; Бұлғыр-бұлғыр, бұлғыр тaу; Бар дегенде бар. Тілде фразеологиялық тіркестер түрінде қолданылатын қайталақтаулар да аз емес: жабулы қазан жабулы күйінде; телегей теңіз; ақ безер де көк безер болу.Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы. «Сөздік-Словарь», 2005 жыл. ISBN 9965-409-88-9

Дереккөздер

Санат:Лингвистика

hu:Tautológia#Nyelvtudományi és irodalmi tautológia