Мұхтар Жамашұлы Өтеуов (12 қаңтар 1952 жыл Алматы облысы Жамбыл ауданы, Үңгіртас ауылы) — солист, профессор. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі

Өмірбаяны Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының оркестр факультетін бітіргөн (1976), соқпалы аспаптар, концерттік орындаушы, оркестрдің солисі, оқытушы. 1971 жылдан - Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының әртісі. 1976 жылдан - Қызыл тулы ортаазиялық әскери округ штабының оркестрінде қызметте. 1977 жылдан - Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының соқпалы аспаптар тобының концертмейстері, симфониялық оркестрінің нұсқаушысы. 1978 жылдан бері - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушысы. 1989 жылдан - Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының бас директоры. 2006 жылдан - Мәдени саясат және өнертану институтының директоры. 2007 жылдан - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры. 2010 жылдан бері - Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры. Қазақстан Музыка қайраткерлері қоғамының мүшесі (1976-1998). Қосымша лауазымдар, шендер, атақтар Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры (1997 жылдан). Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі (2003 жылдан). Шығармалары «Ксилофонға арналған хрестоматия (Қазақстан композиторларының шығармаларынан)» (1986) «Ғасырдан - ғасырға» (2000) кітап «Отырар сазы» оркестрі жайлы, мемлекеттік квартет жайлы, сондай-ақ филармонияның мерейтойына арналған мақалалардың авторы.

Марапаттары «Құрмет» (2001) «Михаил Ломоносов» (2006) ордендерімен; «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001) медалімен; ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталған. ҚазКСР Еңбек сіңірген әртісі (1987).

Отбасы Әкесі - Өтеуов Жамаш, марқұм, Үңгіртас ауылында Қастек асыл тұқымды қой өсіру зауытының бас мал дәрігері болып жұмыс істеген. Анасы - Өтеуова Жамалқан, зейнеткер, батыр-ана. Үйленген. Жұбайы - Өтеуова Юлдуз Мухамеджанқызы. Ұлы - Өтеуов Шухрат; қызы - Өтеуова Индира.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:12 қаңтарда туғандар Санат:Жамбыл ауданында (Алматы облысы) туғандар Санат:Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессорлары Санат:Халықаралық ақпараттандыру академиясы академиктері Санат:Қазақстан музыканттары Санат:Михаил Ломоносов орденінің иегерлері Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері Санат:Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры әртістері