Еңбек құрал-жабдығы - материалдық құралдардың жиынтығы, өндіріс құрал-жабдығының бір бөлігі, олардың көмегімен адам еңбек заттарына әсер етеді, оларды белгілі мақсатқа орай түрлендіріп, өзгертеді. Оларға еңбек қаруы (жабдық, машина, прибор, станок), өндірістік үймереттер мен ғимараттар, жолдар, құбырлар, арналар, тасымал құралдары, еңбек заттарын сақтайтын түрлі сыйымдылықтар, т.б. жатады. Кәсіпорындарда олардың елеулі бөлігін негізгі өндірістік қорлар құрайды.Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2 Дереккөздер
Санат:Экономика Санат:Қаржы