Әлмерек — Алматы облысы Талғар ауданы Гүлдала ауылдық округінің құрамында болған ауыл. 2014 жылы Алматы қаласының құрамына енгізілген. Қазіргі уақытта Түрксіб ауданындағы шағын аудан.

Географиялық орны Аудан орталығы - Талғар қаласынан солтүстікке қарай 27 км, округ орталығы — Гүлдала ауылынан 7 км жерде, Іле ойпатының астық тұқымдас шөптесін өскен бозғылт қоңыр топырақты құрғақ даласында орналасқан.

Халқы Тұрғыны 1,6 мың адам (2002).

Тарихы 1998 жылға дейін Гагарин станциясы деп аталған. 1977-1997 жылдары 24-партсьезд атындағы ұжымшардың бөлімшесі болған.

Инфрақұрылымы Ауылда орталау мектеп, фельдшерлік-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары басқа елді мекеңдермен автомобиль жолы арқылы қатынасады. Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3

Дереккөздер

Санат:Талғар ауданының таратылған елді мекендері