Саяси әлеуметтену үлгілері - жүйелік - билікке, құқықтық тәртіпке, дәстүрлі институттарға позитивті қатынасты қалыптастырумен сипатталады. Әлеуметтенудің негізгі агентуралары болып мектеп пен отбасы, сондай-ақ, тұлғаның қоршаған ортасы, оның құрбылары табылады; гегемониялық -«өзінікінен» басқа кез-келген әлеуметтік және саяси жүйеге дұшпандық көзқарастағы жастарды қалыптастырады. Бұл үлгідегі жетекші агентуралар болып бұқаралық ақпарат құралдары табылады; плюралистік - азаматтардың өз саяси мүдделері туралы көзқарасын, оларды жүзеге асыруға қатысу тілегін, азаматтық белсенділіктің жоғарғы деңгейін қалыптастыру.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 б. ISBN 9965-808-89-9
Дереккөздер
Санат:Ғылым Санат:Саясат әлеуметтануы