Есептеу сызбанұсқасы - Өтімді қойнауқат-жинауыштар желегінің (беткі жазықтығының) құрылымдық, картасы негізінде дайындалатын қорларды есептеудегі ең басты сызба құжаттардың бірі.
Бұл құжатта көрсетілетін деректер: мұнай мен газ кіріктірудің сыртқы және ішкі шектемелері; қорлар категорияларының шекаралары (қорларды қайтадан есептеген жағдайда — бұрынғы есептеу нәтижесінде бекітілген категориялардың шекаралары); бүкіл бұрғыланған ұңғымалар (олардың ернеуі мен түбінің қойнауқат желегімен қиылысу нүктесі бойынша); сынамаланған барлау ұңғымалары жайлы деректер: қойнауқаттар желегі мен табанының тереңдіктері мен географиялық орындары; теспелеу аралықтары; мұнайдың, газдың және судың бастапқы және өспелі өнімділіктері; сылбырланулар; игерілу ұзақтығы; игерілген өнім көлемі; судың пайыздың мөлшері; қорды есептеу барысында ескерілген кеуектілікті және өтімділікті анықтаудың сандық көрсеткіші; өндіру ұңғымаларында қойнауқаттарды тексермелеу жайлы мәліметтер: игерудің басталу мерзімі; бастапқы және өтпелі өнімділіктер; қойнаулық қысым; мұнай, газ және су өндірудің көлемдері; суландыруды бастау мерзімі; суландыру пайыздары; есептеуге қолданылған параметр мөлшерлерін көрсететін кестелер; есептелген қорлар, олардың категориялары.Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Қазақстанға еңбегі сіңген мұнайшы — геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Куандықов, 2000. — 328 бет.
Дереккөздер
Санат:Мұнай және газ геологиясы Санат:Терминология