Шарт талаптары — шарт жасасушы тараптар шартта белгілеген және онын мазмұнында аталатын талаптар.
Елеулі, әдеттегі, кездейсоқ талаптар түріне бөлінеді. Шарт жасасу тәжірибесінде елеулі шарт талаптарына мыналар жатады: шарттың атауы; оның жасалған жері мен күні; тараптардың атаулары мен деректемелері; келісімшарт заты мен объектісі; шарттың қолданылу мерзімі; өнімді өткізу мен қабылдау мерзімі мен тәртібі; шарттың бағасы; өзара есеп айырысу тәртібі; буып-түю, тасымалдау, сақтандыру; тараптардың шарт объектісін пайдалану және билеу жөніндегі құқықтары; құпиялықты сақтау шарттары; форс-мажорлық мән-жайлар; залалдың орнын толтыру, кепілдіктер; тараптардың жауапкершілігі және қолданылатын құқық; төрелік; шарттан туындайтын шығын, баж, салық; шартты жасасудың жалпы талаптары.
Тараптар арасында барлық елеулі талаптар бойынша келісімге қажетсі нысанда қол жеткізілгенде шарт жасасылды деп есептеледі.Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2
Дереккөздер
Санат:Халықаралық шарттар