Александр Васильевич Казанцев (1 қаңтар 1929 жылы туған, Ресей, Новосібір облысы, Маслянино ауданы, Белово селосы) – химия ғылымдарының докторы (1980), профессор (1982).
Өмірбаяны Қарағанды педагогика институтын (1960, қазіргі Қарағанды мемлекеттік университеті) бітірген. Қарағанды қаласындағы №26 мектептің директоры (1960 – 1961) Қарағанды мемлекеттік педагогика институтында оқытушы, аспирант, аға оқытушы, доцент (1961 – 1972), кафедра меңгерушісі, доцент, декан (1972 – 1994). 1994 жылдан профессор қызметін атқарады.
Ғылыми еңбектері Оның негізгі ғылыми-зерттеулері органикалық қосылыстар химиясына арналған. Казанцевтің 196-ға жуық ғылыми-зерттеу мақаласы жарық көрген.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:1 қаңтарда туғандар Санат:1929 жылы туғандар Санат:Новосібір облысында туғандар Санат:Қазақстан химиктері Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Химия ғылымдарының докторлары Санат:Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің профессорлары