Борис Владимирович Еланцев (14 тамыз 1905 ж., Ресей, Томск қаласы – 22 қаңтар 1977 ж., Алматы қаласы) – медицина ғылымдарының докторы (1944), профессор (1944), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957).
Томск мемлекеттік университетінің медицина факультетін бітірген (1929). Алматы мемлекеттік медицина институтында (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) доцент (1940), кафедра меңгерушісі (1944 жылдан), ал 1975 жылдан өмірінің соңына дейін кафедрада кеңесші, 1960–70 ж. Қазақ КСР-і Денсаулық сақтау министрлігінің бас оториноларингологы қызметтерін атқарған. Оның негізгі ғылыми-зерттеу еңбектері оториноларинголия мәселелеріне арналған. Ол бірқатар арнайы емдеу құралдарын, ауыртпалық сезімді жоятын «Ринокоин» дәрісін жасап, дәрігерлік жұмыста пайдаланды; 1 авторлық куәлік алған.Қазақ Энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:1905 жылы туғандар Санат:Ресейде туғандар Санат:1977 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақстан дәрігерлері Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Профессорлар Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Санат:Өнертапқыштар