Мемлекет және құқық теориясы (ағыл. theory of state and law; нем. Staatsund Reclitstlieorie; Theorie des Staates und des Rechts) — мемлекет және құқықтың пайда болуы, дамуы мен әрекет ету заңдылығын зерттейтін заң ғылымдарының жалпы теоретикалық саласы; мемлекет пен құқықтың, құқықтық жүйенін мәні, түрі, пішімі, міндеті, құрылымы мен әрекетету механизмі; барлық заң ғылымдары үшін жалпы негізгі мемлекетті құқықтық түсінік.Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6
Мемлекет және құқық теориясының пәніИбраева А.С., Сартаев С.А., Ибраев Н.С., Есетова С.К., Сейфуллина А.Б: Теория государства и права — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2017 жыл. ISBN 978-601-288-126 Мемлекет және құқық теориясының пәні күрделі болып табылады және бірнеше бөліктен тұрады:1. Мемлекеттің және құқықтың пайда болуы, дамуы мен қызмет етуінің ең жалпы заңдылықтары2. Негізгі құқықтық ұғымдар мен санаттардың жүйесі3. Қазіргі мемлекеттік-құқықтық шындық
Сонымен қатар Мемлекет және құқық теориясы үш бөлімнен тұрады:1. Жалпы ережелер2. Мемлекет теориясы3. Құқық теориясы
Мемлекет және құқық теориясының әдістеріБулгакова Д.А.: Теория государства и права — Алматы: «Нур-пресс» баспасы, 2020 жыл. ISBN 9965-620-25-3 Ғылым әдісі – пәнді танып-білуге мүмкіндік беретін тәсілдер мен әдістердің жиынтығы. Мемлекет және құқық теориясы өзінің пәнін танып-білу үшін көптеген әдістерді қолданады. Олардың ішінде:
1) Жалпыға ортақ әдістер – ойлаудың ең әмбебап қағидаларын білдіретін философиялық және дүниетанымдық тәсілдер. Оларға: метафизика, диалектика, материализм және идеализм әдістер жатады.
2) Жалпы ғылыми әдістер – жалпыға ортақ әдістер сияқты бүкіл ғылыми танымды қамтымайтын, ғылыми танымның жекелеген кезеңдерінде ғана қолданылатын тәсілдер. Оларға: анализ және синтез, жүйелік және функционалдық әдістер жатады.
3) Жекеше ғылыми әдістер – мемлекет және құқық теориясының техникалық, жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдардың ғылыми жетістіктерін игеруінің нәтижесінде қалыптасқан тәсілдер. Оларға: социологиялық, статистикалық және кибернетикалық әдіс жатады.
4) Жекеше құқықтық әдістер – тек құқық саласына тән, яғни арнайы заңи әдістер. Оларға: формальды-құқықтық әдіс және салыстырмалы-құқықтық әдіс'' жатады.
Мемлекет және құқық теориясының функциясы Онтологиялық функциясы Гносеологиялық функциясы Эвристикалық функциясы Методологиялық функциясы Саяси-басқару функциясы Идеологиялық функциясы
Дереккөздер
Санат:Құқық Санат:Заң Санат:Құқық салалары
en:Law#Legal theory