Бұрандамүйізді теке кейде Мархур () - тау текелері туысының сүтқоректі жануары. Мүйізі жалпақ бұранда, бұрғы тәрізді келеді, сол себепті Иір мүйіз ешкі деп те аталады.
Сипаттама Дене ұзындыгы 170 см - шоқтығының биіктігі 90 см - салмағы 90 кг кейде одан көп. Бұрғы тәрізді мүйізі тік - түсі жирен. Аталықтарының мойны мен кеуде жүндері ұзын.
Ешкінің мүйізі кішілеу, текесінің мойны, төсі ұзын шудалы. Түсі сарғылт сұр, кәрі текелері сұрғылт-ақшыл.
Бұрандамүйізді теке Индияның таулы аймақтары - Иранда- Ауғаныстанда таралған. ТМД-да тек Пяндж өзені бойында - Кугитангтау және Бабатаге сілемдерінде кездеседі. Тау сайларының тік беткейлері мен жартастарын мекендейді. Құруға тақау жануар. ХТҚО мен КСРО-ның Қызыл кітаптарына енгізілген. Еріксіз көбейеді.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
Дереккөздер
Санат:Тау текелері