Халықты әлеуметтік қорғау қоры - әлеуметтік сақтандыру қаражатын мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын дербес қаржы-несие ұйымы. Оның ақшалай қаражаты мемлекеттік бюджеттің құрамына кірмейді, өндіріп алынуға тиіс емес, банк мекемелерінде сақталады. Қор өзінің қызметін қолданыстағы заңдарға сәйкес ұйымдастырады және зейнетақы қоры мен әлеумеггік сақтандыру қорын қамтиды. Негізгі міндетгері: зейнетақы мен жәрдемақыға, басқада әлеуметтік төлемдерге жұмсалатын шығынды қаржыландыру, зейнетақымен қамсыздандыруға, жәрдемақы төлеуге арналған сақтандыру жарналарын жинап, шоғырландыру. Қор қаражаты: кәсіпкерлік қызметпен айналысушы адамдардың сақтандыру жарналары, азаматтардың жалақыдан аударылатын міндетті сақтандыру жарналары, әскери қызметшілерге зейнетақы төлеуге, балаларға жәрдемақы төлеуге арналып республикалық бюджеттен бөлінетін қаржы, заңды және жеке тұлғалардың ерікті жарналары, жұмыска жалдаушылардың зейнетақы төлеуге арналған төлемдері, сондай- ақ кері талап бойынша түсетін түсімдер. Халықты әлеуметтік қорғау қорының қаражаты жасына, мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына байланысты берілетін зейнетақы, әлеуметтік зейнетақы төлеуге, баланы күтуге берілетін жәрдемақы, әр балаға арналған ай сайынғы жәрдемакы төлеуге, тұрмыс деңгейі индексінің өзгеруіне және жалақынын өсуіне байланысты зейнетақыны көбейтуге, қарттар мен еңбекке жарамсыз азаматтарға материалдық көмек көрсетуге, кері талап- ты ресімдеуге жұмсалатын шығынды өтеуге, қорды басқару органдарын ұстауға, олардың күнделікті қызметін қамтамасыз етуге жұмсалады.Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2 Дереккөздер

Санат:Экономика Санат:Қаржы