Ақтөбе операциясы - азамат соғысы жылдары Батыс Қазақстан аймағында жүргізілген әскери операция. 1919ж. 14 тамызда большевиктер құрған Түркістан майданының әскерлері (М.В.Фрунзе басқарды) адмирал Колчак армиясының Оңтүстік тобына (генерал Белов) қарсы шабуылға шықты. Ақ гвардияшылардың негізгі күшін Орск ауданында қоршап талқандау екі бағытта — темір жол бойымен Ақтөбе арқылы және Жайық өзенінің бойымен Орынбор арқылы Орскіге беттеген Верхнеуральск екпінді әскери топтарының күшімен жүргізілді. Бұл 2 топтың ортасында 20-атқыштар дивизиясының 2-бригадасы шабуылға шықты. Верхнеуральск тобы Орскінің солтүстігінде ақтардың күші басым тобымен кескілескен ұрыс жүргізді. Орынбор тобы 29 шілдеце Орскіні, 2 қыркүйекте Ақтөбені ақтардан азат етті. Жеңілген ақтардың калдықтары Ташкент темір жолымен Арал стансасына жетіп, одан теңіз арқылы Красноводскідегі ағылшын интервенттерімен қосылуға тырысты. Бірақ өкшелей қуған 1-армия бөлімшелері мен Арал станциясынан қарсы шабуылға шыққан кеңестік Түркістан әскери тобы оларды түгелдей дерлік қолға түсірді. Ақтардың Орал тобы Колчактың Сібір бөлімдерінен байланысын үзді. 13 қыркүйекте 1-армия және кеңестік Түркістан армиясының бөлімшелері Мүғалжар бекетінде кездесті. Ақтөбе операциясы Колчак армиясын және олармен байланыс жасаған Орал ақ казактарын талқандауда маңызды рөл атқарды.Батыс Қазақстан облысы. Эндиклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8 Дереккөздер
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Ақтөбе операциясы · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.