Қазақстан республикасының еңбек кодексі (ағыл. Labour Law of the Republic of Kazakhstan; нем. Arbeitsgesetzbucli n)

Еңбек кодексі: еңбек; еңбек қатынастарына тікелей байланысты; әлеуметтік әріптестік; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қатынастарды реттейді.

Еңбек кодексі, егер заңдарда және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе:

қызметкерлерге, оның ішінде мүлкінің меншік иелері, қатысушылары немесе акционерлері шетелдік жеке немесе заңды тұлғалар болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан ұйымдардың қызметкерлеріне; жұмыс берушілерге, оның ішінде мүлкінің меншік иелері, қатысушылары немесе акционерлері шетелдік жеке немесе заңды тұлғалар болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан ұйымдарға қолданылады.

Қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбегін құқықтық реттеудің ерекшеліктері Еңбек кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленеді.

Қазақстан Республикасының заңдары Еңбек кодексінде белгіленген құқықтар, бостандықтар мен кепілдіктер деңгейін төмендетпеуге тиіс.Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: Жеті жарғы, 2008. ISBN 9965-11-274-6 Дереккөздер

Санат:Құқық Санат:Заң