Тесік: Тесiк - пайда болған әсердiң нәтижесiнде, әдейi iстеп шығылған, (саңылау, саңылау, қуыс, ойық, өту тағы сол сияқтылар) ойық та кездейсоқ Тесiк компьютер сленгiнде - осалдықтың синонимы. Мысалы, сонымен бiрге тесiктiң басқа жұмыс салаларының заңында ұқсас мәнде қолданылады. Тесiк (фильм) - Жак Беккер. Тесік – Іле алабындағы өзен. Шу ауданының жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 83 км, су жиналатын алабының аумағы 533 км². Айтау жотасындағы бұлақтан басталып, Қорғанқұмға (Алматы облысы, Жамбыл ауданы жерінде) жетпей тартылып қалады. Аңғары таулы, шоқылы өңірмен өтеді. Ені 150 – 200 м. Қар, жауын-шашын суымен толығады. Жылдық орташа су ағымы 0,03 м³/с. Жазда құрғап қалады.Тараз энциклопедиясы ПульмонологиядаПульмонология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Алматы: Ана тілі. 1996. ISBN 5-630-00473-5: Кеңірдек тарамындағы тесік (торакальді кеңірдек тарамындағы тесік) — кеудедегі қабырға арқылы кеңірдек тарамындағы саңылаудан шығатын сыртқы тесік және терінің сыртында немесе жазылмайтын жарада болады: өкпеге жиі оқ тиіп асқынған жарақат сияқты пайда болады. Кеңірдек тарамындағы және асқазандағы тесік — асқазан саңылауымен байланысатын кеңірдек тарамындағы саңылау арқылы болатын тесік; көбінесе көкірек және құрсақ қуыстары мүшелеріндегі жараға байланысты асқынудан пайда болады. Кеңірдек тарамындағы мен өкпедегі тесік — өкпедегі ауру қуыспен (мысалы, іріңді ісікпен) байланысатын кеңірдек тарамындағы саңылау арқылы болады. Кеңірдек тарамындағы мен бауырдағы тесік — бауырдағы немесе бауыр ішіндегі өт тармақтарындағы ауру қуыспен байланысатын кеңірдек тарамындағы саңылау арқылы болады; мысалы, көкірек қуысында диафрагма арқылы бауырдағы ірінді ісікті жарғаннан пайда болады. Кеңірдек тарамындағы және өңештегі тесік — өңештегі саңылаумен байланысатын кеңірдек тарамындағы саңылау арқылы болады; мысалы, бөгде заттардан өңештегі тканьнің бұзылуынан пайда болады. Кеңірдек тарамындағы және сірі қабық аралытындағы тесік — сірі қабық қуысымен байланысатын кеңірдек тарамындағы саңылау арқылы болған ішкі тесік; мысалы өкпенің жарақаттануынаи, сірі қабықтан кеңірдек тарамына эмпиемиың өтуінен пайда болады. Сірі қабықтағы тесік — сірі қабық қуысындағы сыртқы тесік, іріңнен болған, көбіне іріңді сірі қабықтың қабынып, асқынуынан болады. Кеңірдектегі тесік — қолқаның сыртқы тесігі; трахеостомадан кейінгі асқынуынан, қолқаның даму ақауынан және қолқаның жарақаттануынан болады.
Дереккөздер
Санат:Медицина Санат:Пульмонология