Жақ, тіл білімінде — сөйлеуші мен өзгелер арасының қатынасын білдіретін, зат есім мен етістікке тән грамматикалық категория.
Қазақ тілінде жақтық мағына жіктік, тәуелдік жалғауларымен беріледі. 1-жақ — сөйлеуші, айтушы жақ, 2-жақ — тыңдаушы жақ, 3-жақ — бөгде жақ деп аталады.
Зат есім 3-жақта жіктеледі, тәуелденеді:
1-жақ: «Мен ұстаз-бын». 2-жақ: «Сен ұстаз-сың». «Сіз ұстаз-сыз». 3-жақ: «Ол ұстаз»; 1-жақ: «Менің үйім». 2-жақ: «Сенің үй-ің». «Сіздің үй-іңіз». 3-жақ: «Оның үй-і»;
Бірақ зат есімнің бәрі емес, адамға, оның кәсібіне, бейіміне қатысты зат есімдер ғана жіктеледі. “Мен жақсымын”, “Сен басшысың”, т.б.
Етістік те 3 жақта, белгілі бір шақта тұрып жіктеледі. Мыс.,
1-жақ: «Мен айтқан-мын», «отыр-мын». 2-жақ: «Сен айтқансың», «отыр-сың», «Сіз айтқан-сыз», «отырсыз». 3-жақ: «Ол айтқан», «отыр».Қазақ тілінің грамматикасы, А., 1967; Исаев С.,Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты, А., 1998. Ж. Отарбекова Дереккөздер
Санат:Морфология (лингвистика) Санат:Грамматика