thumb|400px Ұлықбек () — Әмір Темірдің ұрпағы, астроном,математик әрі мықты билеуші.Ата жолын қумады …Орта ғасырлар кезіндегі орта Азия. Өзін Азияның арыстаны, жер тәңрісі санаған Әмір Темір (Ақсақ Темір) Әмудария мен Сырдарияның арасындағы кең аймақты алып жатқан жаңа империя құрды. Ол Мәуераннахр (арабша “өзеннің аржағындағы” деген сөз) деп аталады. Бұл империяның астанасы ескі қалалардың бірі - Самарқант болды. Ол бұдан 2000 жылдан астам бұрын салынған. Тіпті Птоломейдің геграфиялық картасының өзінде Самарқанттың орны көрсетілген.
Самарқанттың гүлденген кезі Әмір Темірдің патшалық ету кезеңіеді. Үндістаннан, Әзірбайжаннан, Ираннан, Армениядан, Грузиядан т.б. елдерден шеберлер шақыртып, өз астанасын кеңейту жолында қолынан келгенін істеді. Ақсақ Темір тұсында салынған Бибі ханым мешіті, Шахин-Зинда және басқа құрылыстар архитектуралық ескерткіштердің тамаша үлгілері болып табылады. Атақты “Бабурнамада” осы қарсаңда Самарқанда дүние жүзіндегі қағаздың, керамикалық бояулардың, барқыттың және т.б. ең әдемісі шығатын еді деп жазылған. Самарқан - көрнекті ғалымдар, дәрігіерлер,құрылысшы-шеберлер, кітап -көшіргіштердің ордасы саналады. Сонымен қатар Самарқан кертартпа, бедел-ықпалы, зор мұсылман дін басыларының да шоғырланған жері болды.
Осы тұста, Темір әулетінде 1394 жылы 22 наурыз күні дүниеге Мұхаммед Тарағай деген бала келді. Кейін оған Ұлықбек деген лақап ат беріледі. Оның әкесі Шахрух Темірдің үшінші баласы еді. Шахрух біраз уақыт билеуші болып, кезінде ғылымның өркендеуіне үлкен қайырым жасаған кісі. Ұлықбек жастайынан поэзияға, тарихи білімге, астрономия мен математикаға құмарланады. Ұлықбектң ғалымдығының қалыптасуына оның атасы Темірге ілесіп мәдени, ғылыми дәстүрлері бай елдерді аралауы үлкен әсер етеді. Ұлықбек жас шағында осылай Армения, Азербайжан, Грузия, Иран, Туркия және Ауғаныстандарды аралап көреді. Бұған қосымша, Ұлықбектің ғалым болып шығуына әкесі Шахрух жиыстырған Самарқандағы аса бай кітапхана да зор себепші болады.
Ұлықбек Платон, Аристотель, Гиппарх, Птоломей сияқты ежелгі грек ғалымдарының классикалық еңбектерімен жақсы таныс болады. Сонымен қатар, ол өзінен бұрын өмір сүрген Орта Азияның көрнекті оқымыстылары Хорезми, Фараби, ферғани, Бируни, Ибн Сина, Нысреддин әт-Тусилердің негізгі еңбектерін жете білген.
Бірақ жас Ұлықбекті қоршаған билеуші топ оның ғылымға ден қоюын құптамайды. Темір өлгенне кейін империясы ыдырап екі - Хорасан, екіншісі - мавераннахр. Соның екіншісіне 15 жасар Ұлықбекті әкім сайлайды. Айта кетрлік бір жәйт оңтүстік Қазақстанның көп қалалары (Отырар, Тараз т.б.) осы Ұлықбекке тиеді. Сарай төңірегіндегілер Ұлықбектің әскери қызметке, дипломатиялық өнерге деген құмарлығын арттыруға бар күшін салып бағады, оның асқан ғалым емес, ата жолын қуушы әмір болуын көздейді. Бұл ықпалдан шыға алмаған Ұлықбек алғашқы жылдары (1425 және1427 жылдары) бірсыпыра жорықтарды басқарып, олардың кейбірін сәтті аяқтап жүреді. Ол ел басқарушылық және әскери талантының бар екенін танытады.
Алайда, Ұлықбек мәдени құрылыстарға көп көңіл бөледі. Самарқанда, ғиждуанда, Бухарада және басқа қол астындағы қалаларда көрнекті-көрнекті құрылыстар салдырады және Темірдің тұсында аяқталмай қалған құрылыстарды аяқтайды. Ұлықбектің өнер-білімге деген іңкәрлігі күн асқан сайын күшейе түседі. Ол қаңқұйлы соғыстардан гөрі әлем сырын ашып, оның құпиясын білуге ынтығады. Профессор Т.Н. Қары-Ниязов “Ұлықбектің астрономиялық мектебі” атты еңбегінде Ұлықбекте билеуші-әмір ретінде бағалайды: “Ұлықбектің қызмет -әрекеттері көп жағынан ілгерілерінен бөлек болды, оның өз кезінде, әсіресе, ғылым саласында прогрестік роль атқарған сөзсіз”
Ұлықбек обсерваториясы
Ұлықбектің мемлекеттік қайраткер ретінде істеген ең ірі жұмысы - Самарқанда аса зор астрономиялық обсерватория салдыруы болды. Бұл Ұлықбектің ғылым мүддесін көздеп, болашақ үшін жасаған үлкен ерлігі болып саналады. Бұл обсерватория еріккен әкімнің атаққұмар жеңіл мінезінен туған нәрсе емес. Ол қайта, ғылыми келешегін дұрыс бағалап, шын жаңкүйері бола білген оқымыстының ғылымға тартқан тартымды сыйы еді.
Ұлықбек обсерваториясы одан бұрынғы батыс және шығыс елдерінің обсерваторияларының бай дәстүрлері негізінде салынады. Бұл тұрғыдан, әсіресе, XII ғасырда Азербайджанда көрнекті математик және астроном Насыреддин әт-Тусидің басшылығымен салынған Марага обсерваториясының тәжірбиесі көп игілікті ықпал жасады. Бұл обсерваторияда “Ельхан астрономиялық таблицалары” деген еңбек жазылған болатын. Ұлықбек обсерваториясының салынуына XV ғасырдағы аса дарынды ғалым Жәмшид Ғиясэддин әл-Кәшидің көп көмегі тиді. Кейінгі зерттеулер әл-Кәшидің Ұлықбекке дейін де обсерватория салу туралы бірнеше рет мәселелер қойғанын анықтады. Бірақ керітартпа әкімдер ғалымның игілікті ұсынысына құлақ аспайды. Әл-Кәшидің бұл ниеті Ұлықбектің тұсында жүзеге асады. Ұлықбек обсерваторисының негізгі мақсаты - дәлдігі өте жоғары бақылаулар жасай отырып, Марага обсерваториясында жасалған астрономиялық таблицалардың қателерін түзету болды.
Обсерваторияның құрылысын және оны астрономиялық құралдармен жабдықтау жағын әл-Қәши басқарады. Обсерватория үш жылда салынып бітеді, бірақ небәрі 27-28 жыл ғана жұмыс істейді. Обсерватоияның басқарушысы әл-Қәши өлгеннен кейін Қазы-Заде Руми, ол өлгеннен кейін Ала әд-Дин Әли әл-Құсшы басқарады. Ұлықбек обсерваториясынан бұрын да шығыстың түрлі елдерінде әркезде бірнеше обсерваториялар салынған-ды. Бірақ, олардың бірде бірі көлемі, жабдықталуы, алдына қойған мақсаты жағынан бұл обсерваторияға тең келе алмайды. Мұнда телескоп ойлап табылғанға дейінгі негізгі астрономиялық аспап-құралдардың барлығы да - горизонталь дөңгелек, биіктігі 50 метрге жуық алып квадрант. Күн және астрономия сағаттары, сан түрлі бұрыш өлшегіш нәзік құралдар болды.
Міне, осылардың көмегімен обсерваторияда көптеген сындарлы астрономиялық бақылаулар мен зерттеулер жүргізіледі.
Ұлықбектің маңындағы ғалымдар
Ұлықбек өз дәуірінің алдыңғы қатарлы, озат ойлы адам болды. Ол жан-жағына ілім шарапатын мол шашуға тырысты. Ғылым мен мәдениетті дамыту мүддесін ескеріп, Ұлықбек бірнеше жерде (Бухарада, Ғиждуанда, Самарқанда) жаңа типті оқу орындарын ашты. Бұларда сабақ беру үшін мұғалімдері діни дәрежесіне емес, білім дәрежесіне қарай іріктеп алды. Бұл тұрғыда Самарқандағы жаңа типті жоғары мектеп-медресе ашылған күні болған мына бір оқиға айтуға тұрарлық.
Медресенің бас мұғалімі болып заманында сегіз қырлы білімпаз болған маулэн Мұхаммед Хавофи сайланады. Құраннан басқа білімлері жоқ молдалар Ұлықбекке іштей кектеніп қала берді.
Ұлықбекке ғылымға өзі белсене араласып қана қоймай сол тұстағы Орта Азияның көрнекті оқымыстыларын маңына топтастырған. Медресе мен обсерваторияның жұмысына “Заманының Аплатоны (Платоны)” атанған Қазы Заде ар-Руми, жоғарыда аталған атақты математик және астроном Жәмшид әл-Кәши, оның баласы Мансур Кәши сол дәуірдің Птоломейі атанған Ала әд-Дин Әли әл-Құсшы және басқа да бірсыпыра оқымыстылар ат салысады. Ұлықбек оларды қадірлеп, пікір-кеңестеріне әрдайым құлақ асып отырған. Мәселен, обсерватория салардан бұрын Қазы-Заде ар-Руми бұрынғы ескі обсерватория жұмыстары жөнінде түсінік берген, әл Жәмшид әл Кәши астрономиялық аспап құралдар жайында нұсқау-кітап жазған.
Ұлықбек маңына топталған бұл ғалымдар -математика және астрономия салаларында едәуір еңбек етіп, ғылым тарихында белгілі із қалдырған оқымыстылар. Солардың бірі - Қазы Заде ар-Руми Кіші Азияда туып өскен. Ол жоғары білімді Хорасанда және Мавераннахрда алады. Самарқанда ол талантты ғалым, әрі ұстаз ретінде аса үлкен даңққа ие болды. Қазы-Заде Ұлықбектің мұғалімі болған. Ол “Арифметика туралы”, “Астрономияға түсініктеме”, “Фигуралар туралы түсініктеме”, “Синус туралы” трактаттар жазған.
Обсерваторияда қызмет еткен оқымыстылардың барлығы ғылыми еңбектерін солкездегі дүние жүзілік ғылым тілі саналған араб тілінде жазған. Ара-кідік парсы тілінде жазылған шығармалар да кездеседі.
Ұлықбек обсерваториясының ғылыми жетістіктері
Ұлықбек обсерваториясының ең басты еңбегі - “Зидж Гурганидың” (”Ұлықбек зиджі”) жасалуы болып табылады. Бұл Ұлықбектің басшылығымен жүргізілген көп оқымыстылардың коллективтік еңбегі болып табылады. “Зидж” деген парсы сөзі, ол астрономдар мен географтар үшін жасалған таблицалар жинағы дегенді білдіреді.
Ұлықбектің обсерваториясында түрлі елдердің байырғы астрономиялық білім-дағдылары жинақталып, “Ұлықбектің баяндауындағы Қытайдың, Сирияның, гректің, арабтың, парсының, Хорезмның атақты астрономдары” деген атпен жеке кітап болып жарыққа шығады. “Зидж Гургани” төрт бөлімнен тұрады:
Календарьлар туралы. Уақыт өлшеу жөнінде. Планеталардың қозғалымын анықтау жайында. Астрономиялық басқа мағлұматтар туралы.
Мұнда астрономияның теориляық негіздерімен қатар 1019 жұлдыздың орнын көрсететін каталог жасалған.
Бұл каталог дәлдігі жөнінен Тихо Брагенің бақылауларына дейінгі барлық каталогтардан тәуір болды. Ол Лондонда 1650-1665 жылдардың өзінде қатарынан үш рет басылып шықты. XIX ғасырдың орта кезінде Ұлықбек таблицаларының Лондондағы астронмиялық қоғам қайта бастырады. “Кіріспенің” толық аудармасы жарияланады. Салыстыра зерттеу үшін ол таблицалардың маңызы келешекте де еш төмендемек емес.
Ұлықбек обсерваториясында да экватордың эклиптикаға көлбеулігі бес планетаның орташа жылдық қозғалысы жұлдыздық жылдың ұзақтығы жөнінде дәлдігі өте жоғары өлшеулер жүргізілді. Ұлықбектің өлшеуі бойынша бір жылда 365 күн 6 сағат 9 минут 15 секунд бар. Сонда жіберілген қате бір минуттан да аз. Осылармен қатар Ұлықбек обсерваториясында жылдық процессияның мәнін бұрынғыларға қарағанда дәлірек тапты деуге негіз бар.
Осы обсерваториядағы жүргізілген өлшеулердің тамаша дәлдігіне дән риза болған оқымысты Лаплас Ұлықбекті өте көрнекті бақылағыш деп бағалаған.
Ұлықбек обсерваториясында астрономиямен қатар, математиканың да көп тараулары зерттеліп, ілгері дамытылады. Астрономия мұқтаждығын өтеу мақсатында аса кемелдендірілген тригонометриялық таблицалар жасалған. Мұнда олар математикалық жаңа әдістер мен есептеулерді қолданады. Мәселен, таблица жасау үшін бір градус доғаның синусын аса дәлдікпен табудың мәні зор. Осы үшін Ұлықбек мектебінің математиктері тарихта тұңғыш рет X3 - 3х + 0,104671913 121 217 587 = 0 теңдеуіне қарастырып жуықтап шешудің тамаша бір әдісін көрсетеді.
Ұлықбектің таблицаларының дәлдігін сипаттау үшін кез келген үшбұрыштың синустарының мәнін келтірейік.
Ұлықбекше: Дұрыс мәні:
20˚ 0,342020142
23˚ 0,390731129
26˚ 0,438371147
0,342020143
0,390731128
0,438371177
Дәлділіктің тамаша екендігін көрініп тұр. Европада тригонометрияның негізін қалаған Региомонтанның таблицаларының дәлдігін бұдан көп төмен жатыр.
Математиканы дамытуда, әсіресе, Ұлықбек обсерваториясының бірінші меңгерушісі Жәмшид әл-Кәши еңбектерінің бірі мәні зор болды. Ол математика тарихында бірінші болып ондық бөлшектреді ашты. Европада ондық бөлшек содан 150 жылдан кейін ғана мәлім болады. Щеңбер ұзындығының диаметрге қатынасын көрсететін тұрақты шама үшін ол 18 таңбасына дейін дұрыс тапты.
Қорыта айтқанда, әл-Кәши және Ұлықбек мектебінің басқа математиктері жуық есептеу, есептеу техникасын жетілдіру жөнінен өз замандастарынан көп алда тұрды. Ұлықбек обсерваториямының оқымыстыларымен сол тұстағы Қытай ғалымдарының арасында ғылыми байланыс болғанын дәләлдейтін соны деректер табалып отыр.
Ұлықбек және мұсылман дін басылары
Ұлықбек орта ғасырларда діни фанатизмнің өршіп тұрған кезінде өмір сүрді. Бірақ оның өз басы мұсылмандық жолдан оқшау тұрды. Ұлықбек көптеген діни әдет ғұрыптарды сақтамады, сондықтан да оны мұсылман дін басылары барынша жек көрді. Ұлықбектің еркін ойлығын сипаттайтын мындай бір фактыны келтіруге болады. Ұлықбектің әкесі Шахрухтың қарамағында Шейх Қасым Әнуар дейтін мұсылман жолынан ауытқушы мистик өмір сүреді. Ол Шахрухқа қастандық жасады деп айыпталып, елден аластылады. Алайда, Ұлықбек Самарқанда оны жақсы қарсы алып, Әнуармен достасып, пікірлес жақын адам болады. Бұл олардың идеяларының өте жақын екендігін көрсетеді Шынында, егер Ұлықбек мұсылман болса, біз білетін Ұлықбек бола алмас еді, ғылым мен ағарту мәселесі үшін пайдалы жұмыс істемес еді.