Аңқаты — Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданындағы ауыл, Аңқаты ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы - Теректі ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 60 км-дей жерде, сұлыбас, қара жусан, көкпек өскен сортаңды, бозғылт қоңыр топырақты, жазық дала белдемінде, Жайық өзенінің сол жағында орналасқан.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1260 адам (601 ер адам және 659 әйел адам) болса, 2009 жылы 1049 адамды (510 ер адам және 539 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1012 адамды (516 ер адам және 496 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Тарихы Іргесі 1931 жылы «Аңқаты» асыл тұқымды мал зауытын құруға байланысты қаланды. Оның негізінде 1997 жылдан Аңқатыда және округтегі Балық цехы, Ерсары, Қандық, Новая точка, Сатымшеген және Тасаншеген ауылдарында акционерлік қоғам, серіктестік және 9 шаруа қожалығы құрылған.
Инфрақұрылымы Ауылдарда 1 орта, 3 негізгі, 3 бастауыш мектеп, клуб және 4 кітапхана бар. Халыққа дәрігерлік амбулатория, дәрігерлік белімше жөне 5 фельдшерлік-акушерлік пункт қызмет керсетеді. Тұрғындары елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады. Жақын темір жол станциясы — Орал 90 км. қашықтықта.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8
Дереккөздер
Санат:Теректі ауданы елді мекендері