Ғылымдар академиясы — ғылыми-зерттеу мекемесі немесе ғылыми-зерттеу мекемелерін біріктіретін қоғамдық ұйым. Ғылым академиясына ұқсас мекемелер б.з.б. болған (қ. Академия). Ал Еуропада 15–16 ғасырларда көптеген ғылыми қоғамдарға академия атауы берілген. Қазіргі кезде дүние жүзінің көптеген елдерінде (мыс., АҚШ, Англия, Италия, Қытай, Франция, Қазақстан, т.б.) ұлттық ғылым академиялары жұмыс істейді. Ғылым академиялары әр елде түрліше аталады (мыс., Ұлыбританиядағы Корольдік қоғам) әрі олардың құрылу принципі, құрылымы, мүше саны, т.б. әртүрлі болып келеді. Қазақ Энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Ғылыми ұйымдар
cs:Akademie věd de:Liste der wissenschaftlichen Akademien en:Academy of Sciences eo:Akademio de Sciencoj es:Academia de Ciencias et:Teaduste akadeemia fr:Académie des sciences it:Accademia delle Scienze ja:科学アカデミー la:Academia scientiarum nl:Academie van wetenschappen ru:Академия наук sq:Akademia e Shkencave uk:Академія наук