Стеллер сиыры, теңіз сиыры () - дюгонь тұқымдасының сүтқоректілері. 1741 жылы бірінші рет Г. Стеллер ашқан. 1768 жылы жойылған. Дене ұзындығы 7,5- 10 м, салмағы 4 тонна.
Алып денелі, терісі қалың, қыртысталған. Құйрық жүзбеқанаты қақ айрылған. Алдыңғы аяқтары тұяқ тәрізді тері өсінділерімен аяқталады. Қос ерінді, тістері жоқ, таңдайы мен астыңғы жақтарында мүйізделген қыртысты жалпақ тіліктері бар. Комондор аралдарының маңын мекендеген. Судың тайыз жерінде табын құрып тіршілік еткен. 2 жылда ұрғашылары 1 ұрпақ әкелген.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
Дереккөздер
Санат:Сирендер Санат:Жойылып кеткен жануарлар Санат:Азия сүтқоректілері Санат:1780 жылы зерттелген жануарлар Санат:Адам есімімен аталған жануарлар түрлері