Сейсенбек Мұхамедұлы Ахметов (26 желтоқсан, 1922 жыл, қазіргі Ақсу ауданы, Көкжиде ауылы - 17 желтоқсан, 1994 жыл, Алматы, Қазақстан) — жазушы, аудармашы, сыншы әрі редакторЖүрек жадында: Жинақ. - Алматы: Қазақ университеті, 2005. - 190 бет. ISBN 9965-12-809-X.

Өмірбаяны Орталау мектепті бітіргеннен кейін 1938—1941 жылдары Қапал педучилищесінде оқиды. Ол өз еркімен майданға аттанып, Калининде 306-шы атқыштар полкінің 20-шы гвардиялық дивизиясы командирі болды. Қантөгіс ұрыстың бірінде жас командир ауыр жарақат алып, №3325 Чкалов қалалық эвакуациялық госпиталіне жіберіледі82 кітапқа редактор болған ардагер. Елге мүгедек болып оралады. Соғыста көрсеткен ерлігі және Отанға сіңірген еңбегі үшін ол бірінші дәрежелі "Қызыл жұлдыз", "Құрмет белгісі" ордендерімен қатар, бірнеше медальдармен марапатталады. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне түседі.Журналистер ұшқан ұя. - Алматы: "Қазақ университеті", 2004. - 222 бет. Құрастырған С. Медеубекұлы. 14 бет. ISBN 9965-732-40-X Талдықорған облыстық газетінің жауапты хатшысы. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газеті редакциясында бөлім меңгерушісі. Ұзақ жылдар бойы Қазақстан баспаларында редактор, аға редактор, бөлім меңгерушісі. Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде аға бақылаушы редактор болды. Қазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасын, жұмыс істей жүріп Мәскеу полиграфия институтының редакторлық бөлімін бітірген. Негізгі шығармашылық саласы — көркем аударма“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9. 1989 жылы Қазақстандағы аудармашылар ассоциациясын құрып, президенті болды.

Марапаттары Отан алдындағы жасаған ерлігі мен жауынгерлік қызметі үшін "Қызыл жұлдыз" ордені «Құрмет Белгісі» ордендері «Баспасөз үздігі» ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері атағын алған. "Тың жерлерді игергені үшін" медалі I дәрежелі Ұлы Отан соғысы ордені "Ұлы Отан соғысындағы жеңіске 40 жыл" медалі "КСРО Қарулы күштеріне 70 жыл" медалі.

Шығармалары Ормандағы жалғыз мола: Поэма // Ленин жолы, 1947. "Бағбан", "Бөрі билет", "Первый отпуск", "Призрак" әңгімелері // Сталиншіл, 1947-1951. Біржан мен Сара айтысы туралы шындық: зерттеу // ҚазМУ ғылыми жазбалары, 1949. Ай, қап! А., Монография. ҚМБ, 1954. М. Әуезовтің көркем аудармадағы шеберлігі. Зерттеу. А., «Мектеп», 1976. Қазақстан жазушылары. Биобиблиографиялық анықтамалық. - Алматы: Жазушы, 1987. Баламасы бар сөзді бағалайық // Жұлдыз, 1987. Қуыр-қуыр, қуырмаш. - Алматы: Өнер, 1993.

Аудармалары А., Волошин. Кузнец жері. Роман. А., ҚМКӨБ, 1951. А. С. Макаренко. Ұстаздық дастан. Роман. А., ҚМКӘБ, 1956. Л.Соболев. Теңіз жаны. Повесть. А., ҚМКӘБ, 1957. А. Толстой. Никитаның балалық шағы. ҚМКӨБ, 1958. В.И. Ленин және А.М. Горький // Социалистік Қазақстан, 1958. Хох В.И. Ауыр атлетика. - Аударма. - Алматы: Спорт қоғамы Одағының Республикалық кеңесі, 1959. Луначарский А. Ленин және өнер. - Аударма, 1960. Колесников А. Р. Зорге осындай болған: Повесть. - Аударма, 1968. Дык Лан Ким. Ким Донг ерліктері туралы повесть. - Аударма. Алматы: Жазушы, 1971. Ильина Е. Карл Маркстың жастық шағы. - Аударма, 1972. Арсеньев. Тайга тамашалары. Әңгімелер. А., «Жазушы», 1975. С. Солобейчик. Ыждаһатты оқу. Роман. А., «Мектеп», 1976. Ежелгі дүние тарихы. 2 бөлім: Оқу құралы. - Аударма (аудармашылар тобы). - алматы: Мектеп, 1977. Е. Ильина. Сапар. Повесть. А., «Мектеп», 1978. И. Чобону. Өткелдер. Кукоара. Роман-дилогия. А., «Жазушы», 1979-1982. 3. Посмыш. Жолаушы келіншек. Повесть. А., «Жазушы», 1985Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл.

Дереккөздер

Санат:26 желтоқсанда туғандар Санат:Ақсу ауданында туғандар Санат:Ұлы Отан соғысының қатысушылары Санат:Қазақстан аудармашылары Санат:Қызыл Жұлдыз орденінің иегерлері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері Санат:Қазақстан баспасөзінің үздіктері Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері Санат:Тың және тың жерлерді игергені үшін медалінің иегерлері