Темірқан Нұғыманұлы Нұртаев (1944 ж. 5 қазанда Қостанай облысы Әулиекөл ауданы туған) - «ҰларҮміт» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ президентінің кеңесшісі. Өмірбаяны 1968 ж. АХШИ-ды бітірген, экономист. 1968 ж. - ҚазКСР Әлеуметтік қамсыздандыру министрлігі Орталық аппаратында жұмыс істеген. 1991 ж. - КСРО зейнетақы қоры Қазақ республикалық бөлімшесінің 1-ші басқарушысы, КСРО Зейнетақы қоры Басқармасының мүшесі - ҚазКСР министрі. 1993 ж. - «Сенім» сақтандыру компаниясы» АҚ вице-президенті. 1997-98 ж. - «Қазақтелеком» және «Қазақтелеком-Үміт» корпоративті жинақтаушы зейнетақы қоры» ЖАҚ-нда басшылық қызметтер атқарған. 1999 ж. - «Үміт» ЖЗҚ» ЖАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы. 1999-2005 жж. - «Үміт» ЖЗҚ» ЖАҚ («ҮларҮміт» ЖЗҚ» АҚ) вице-президенті. 2005 жылдан - «ҰларҮміт» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ президентінің кеңесшісі. Жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі еңбегі Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің дамуы мәселелері бойынша бірқатар мақалалар мен жарияланымдардың авторы. ҚР-ның «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына өзгертулер мен түзетулер енгізу жобаларын әзірлеуге қатысқан. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізін қалаушылардың бірі, оның қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосқан. Марапаттары «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медалімен (2005) «Әлеуметтік қамсыздандырудың үздігі» белгісімен КСРО Еңбек және әлеуметтік мәселелер жөніндегі мемлекеттік комитетінің және КСРО мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің кәсіподағы ОК (1988) ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (2004) Құрмет грамоталарымен ҚР Құрмет грамотасымен (2004) марапатталған.Қазақстан бизнес - кітабы. Қаржы. – Алматы, ЖШС “Алматы баспа үйі,” 2006 ISBN 9965-9865-5-X

Дереккөздер

Санат:5 қазанда туғандар Санат:1944 жылы туғандар Санат:Әулиекөл ауданында туғандар Санат:Қазақстан экономистері Санат:Қазақстан министрлері Санат:Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалінің иегерлері