Қараоба — Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданындағы ауыл, Қараоба ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Казталовка ауылынан солтүстік-батысқа қарай 57 км-дей жерде, Сарыөзеннің оң жағалаулық жайылмасында, жусан аралас бетеге, боз, көкпек өскен сортаңдау бозғылтқоңыр топырақты шөлейт белдемде орналасқан.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1414 адам (706 ер адам және 708 әйел адам) болса, 2009 жылы 1252 адамды (623 ер адам және 629 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1153 адамды (596 ер адам және 557 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Тарихы 1965-97 жылдары КСРО-ның 60 жылдығы атындағы қой өсіру кеңшарының орталығы болды. Оның негізінде 1997 жылдан Қараобада және округке қарасты Еңбек, Қонысбай ауылдарында 45 шаруа қожалығы мен серіктестік құрылған.

Инфрақұрылымы Гимназия, бастауыш мектептер, мәдениет үйі, дәрігерлік емхана, медициналық пункт бар. Тұрғындары елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8

Дереккөздер

Санат:Казталов ауданы елді мекендері