Мейрам Болатұлы Серғазин - 1970 жылы 30 қарашада Алматы қаласында туған. 1994 жылы МФТИ-ді бітірген, инженер - физик-зерттеуші; 1998 жылы РФ Үкіметі жанындағы Қаржы академиясын бітірген, банк ісінің маманы.

1994-96 жылдары - «САН» ЖШС (Мәскеу) директорының орынбасары.

1997-98 жылдары - Қазақстан Республикасының РФ-ндағы Елшілігінің кеңесшісі.

1999-2000 жылдары - «Эйр Қазақстан» ЖАҚ қаржы басқармасы бастығының орынбасары, «Алаутрансгаз» ЖАҚ қаржы директоры.

2000-01 жылдары - «Қазмортрансфлот» ЖАҚ қаржы директоры.

2001-04 жылдары - «Алматы қаласының Халықаралық Әуе-жайы» АҚ, «Кар-тел» ЖШС қаржы директоры.

2004 жылдан - «Қазкоммерц-Полис» СК» АҚ Басқарма төрағасы. «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған. Қазақстандағы сақтандыру нарығы мәселелері бойынша көптеген түсініктемелер мен мақалалардың авторы.

Жұмыстағы негізгі ұстанымы: «Жауапкершілік, командаға лайықты жұмыс істей білушілік».

Іскер адамның бойындағы құнды қасиеттер: «Біліктілік, ұқыптылық, жинақылық».

Қазақстан қаржы аясына талдау: «Қазақстанның қаржы нарығы зор әлеуетке ие болып, серпінді дамып келе жатыр. Банк саласы ТМД елдерінің ішінде ең дамыған және халықаралық стандаттарға ең жақын екендігін атап кету қажет. Қазақстанның сақтандыру нарығы - бұл өте жоғары қарқынмен, жылына орташа есеппен 60 %-ға өсетін жас, едәуір шоғырланған нарық. Қазіргі таңда жалпы Қазақстан экономикасында сақтандыру секторы үлесінің артуы жүріп жатыр».Қазақстан бизнес - кітабы. Қаржы. – Алматы, ЖШС “Алматы баспа үйі,” 2006 ISBN 9965-9865-5-X

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар