Қазақстанның халық ақыны - айтыс өнерін дамытуға зор еңбек сіңірген және елдің қоғамдық өміріне белсене араласқан айтыскер ақындарға берілетін құрметті атақ. 1948 жылы белгіленген. Бұл атақты республикада алғаш алған ақындар: Т.Көбдіков (1954), К.Әзірбаев (1961), Қ.Жапсарбаев (1961), Ү.Кәрібаев (1961), Ғ.Игенсартов (1962), Н.Ахметбеков (1963), т.б. 1999 жылдан бастап бұл атақты беру тоқтатылған.Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6
Дереккөздер
Санат:Қазақстан әдебиеті