Қос Қарағай Ордадан Қауран аулына барар жолдың жиегінде өскен екі ағаш. Бұл қарағайларды 1941 жылы қазан айында Мешітқұм ауылының бір топ жігіттері майданға аттанар алдында, әскери жаттығу кезіндегі үзіліс сәтінде еккен. Сол жігіттердің бірі — Ғалым қарағай көшеттерін отырғызып жатқанда қасына келген «Жаңаталап» бастауыш мектебінің 10 жасар оқушысы Кәкенге күтіпбаптауды аманаттайды. Кәкен сол ағалар аманатын орындайды. Бірақ майданға аттанған Ғалым да, басқалары да оны көре алмады, қаза тапты. Ал олардан қалған белгі — қос қарағай елі өсіп тұр.

Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар