Александр Васильевич Скворцов (1929, Ресей, Омбы облысы Новознаменко с.) - ақын, аудармашы. Омбы ауыл шаруашылығы институтын (1953), Мәскеудегі Әдебиет институтын бітірген. 1955 ж. Алматыға көшіп келіп, республикалық ауыл шаруашылық министрлігінде қызмет істеді, содан кейін "Простор" журналында бөлім меңгерушісі, "Жазушы" баспасының редактор болды.“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6 Дереккөздер