Геннадий Иванович Толмачев (8.4.1939, Алматы - 2006) - жазушы, тарих ғылымдарының кандидаты Өмірбаяны ҚазҰУ-ды (1963) бітірген. КОКП ОК-і жанындағы қоғамдық ғылымдар академиясын бітірген (1972). 1961 - 65 ж. "Казахстанская правда" газетінде, 1965 - 69 ж. "Комсомольская правданың" Қазақстандағы тілшісі, 1975 - 82 ж. "Огни Алатау" газетінің бас редакторы, 1991 - 95 ж. "Народная Конгресс Казахстана" газетінің бас редакторы, 1985 - 92 және 1995 - 1999 ж. "Простор" журналының бас редакторы қызметтерін атқарған. Шығармалары "Простор" журналында повесі "Агроном из легенды" "Четыре ночи тревоги" жарияланған. 1974 ж. "Четыре ночи тревоги" деген атпен повестер жинағы 1978 ж. "Дело в поцелуе" сықақ әңгімелер кітабы "Не прощаюсь с друзьямн" (1990) "Повесть об Олжасе" (1995) "50 встреч с Д.А. Кунаевым" (1997) "Лидер" (Қазақстанның тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаев туралы деректі повесть, 2000) "Уж замуж невтерпещь" (2001) секілді повестері мен әнгіме-естеліктер кітабы жарық көрген. О.Әубәкіровтің "Сиқыршы" сықақ әңгімелер кітабын орыс тіліне (1976) аударған. Марапаттары "Халықтар достығы" орденімен, медальдармен марапатталған.“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6
Дереккөздер
Санат:8 сәуірде туғандар Санат:1939 жылы туғандар Санат:Алматыда туғандар Санат:2006 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақстан жазушылары Санат:Қазақстан тарихшылары Санат:Тарих ғылымдарының кандидаттары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:КОКП ОК-і жанындағы қоғамдық ғылымдар академиясы түлектері Санат:Казахстанская правда тұлғалары Санат:Комсомольская правда тұлғалары Санат:Огни Алатау бас редакторлары Санат:Народная Конгресс Казахстана бас редакторлары Санат:Простор журналының бас редакторлары Санат:Халықтар Достығы орденінің иегерлері