Айранбай күмбезі, Айранбайтам, Бескүмбез – Ұлытау облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші.
Орналасқан жері Ұлытау ауданы, Алғабас ауылынан оңтүстікке қарай 35 км жерде, Сарыкеңгір өзенінің оң жағалауында орналасқан.
Сипаты Күмбез шамамен 1870 жылы шикі кірпіштен қаланып, іші-сырты күйдірілген қышпен қапталған. Бескүмбезді мавзолейдің жобасы ерекше, айғыш тәрізді пішініне сәйкес төрт жарты сфералы күмбезбен жабылып, солардың үстіне үлкен күмбез орналасқан. Құрылыс өрнегі аса күрделі емес, айналдыра белдеу тартылған. Күмбездің жалпы аумағы 8,30x9,75 м, биіктігі 6 м. Алдыңғы жағы басқаларынан биік, еңселі. Кіретін есік адам бойынан биік, шығыңқы портикпен әшекейленген. Кірер бет маңдайшасында арабша жазуы бар. Айранбай күмбезі — республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енгізілген.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Сілтемелер Айранбай (Бескүмбез) кесенесі — Archaeology.kz сайтында
Санат:Ұлытау облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері Санат:Ұлытау облысы сәулеті Санат:Қазақстан кесенелері