Болат Күнтуұлы Сыбанов (10.1. 1938, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Жаңа Семей ауданы (қазіргі Бородулиха ауданы), Изатулла а. - 1998, Семей қ.) - актер, әнші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1987).

Өмірбаяны 1957 жылдан өмірінің соңына дейін Абай атындағы Семей облыстық музыка-драма театрында еңбек еткен. Арасында біраз уақыт Алматы филармониясының әншісі болды. Алғаш рет М.Әуезовтің «Айман-Шолпан» қойылымындағы Жаршы рөлін ойнаған.

Сыбанов арнайы музыкалық білімі болмаса да, домбыра, фортепиано, баянда жақсы ойнаған.

Қазақ радиосы мен телеарнасының алтын қорына оның орындауындағы мына әндер енген: «Ақ бұлақ», «Таң самалы», «Faшықтар термесі», «Жан ана», «Әке туралы» т.б. көптеген әндері Түркия, Швеция, Германия, Моңғолия, Қытай елдеріне детанымал.

Cыбанов еңбек еткен театрда портреті, Ә.Қашаубаев атындағы Семей филармониясы орналасқан №1 мәдениет үйі мен Сыбанов ұзақ жыл тұрған үйінің қабырғасына ескерткіш тақта орнатылған.

Ойнаған рольдері Ол Қозы, Төлеген (Ғ. Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш - Баян Сұлу", "Қыз Жібегінде"), Асан (М. Әуезовтің "Қарагөзінде"), Әбіш (Б. Майлиннің "Шұғасында"), Жаяу Мұса (З. Ақышевтың осы аттас спектаклінде), Досым (Қ. Аманжоловтың "Досымның үйленуінде"), Елисатов (К.А. Треневтің "Любовь Яроваясында"), Иван Позднышев (А.П. Штейннің "Толасында"), Әскер (У.А. Гаджибековтың "Аршин мал алаңында"), т.б. рольдерді орындады.

Жетістіктері 1977 ж. өткен республикалық әншілер байқауының лауреаты.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

Дереккөздер

Санат:10 қаңтарда туғандар Санат:1938 жылы туғандар Санат:Бородулиха ауданында туғандар Санат:1998 жылы қайтыс болғандар Санат:Семейде қайтыс болғандар Санат:Қазақстан театр актерлері Санат:Қазақстан әншілері Санат:Қазақстан сазгерлері Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері Санат:Семей облыстық музыкалық драма театры тұлғалары