Қанымбек (Кано) Қасымбеков (4 ақпан 1943 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданы Шиен ауылында туған - 15 ақпан 2014 жылы Алматыда қайтыс болған) — кинорежиссер, 1974 жылында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Мәскеудегі Бүкілодақтық кинематография институтын бітірген (1969).

Фильмдері «Шоқ пен Шер» (1971 ) "Сен 12-ге толғанда" (1978) "Қызыл киіз үй" (1982) "Ұш, тырнашым, ұш" (1985) "Қоштасқым келмейді" (1992) "Саған күшік керек пе?" (1994) "Жамбылдық жастық шағы" (1996) "Орысша үйренеміз" деректі фильмі

Өкінішке қарай «Арман қала – Астана», «Сәлем, Қа­зақстан», «Алматы апорты», «Аманат» сынды туындылары көпшілікке жеткен жоқ.

Жүлделері "Шоқ пен Шер" атты толық метражды фильмі Монте Карлодағы кинофестивальда "Ең үздік балалар фильмі" (1972) жүлдесін алды, сондай-ақ1973 жылыТашкент қаласында өткен телевизиялық фильмдердің Бүкілодақтық кинофестивалінде КСРО кинематографистерінің жүлдесін жеңіп алды.

«Сен 12-ге толғанда» фильмі 1978 жылы Бакуде өткен Бүкілодақтық кинофестивальде арнаулы жүлдесін алды.

Комсомол сыйлығы иегері (1974), ҚР Еңбек сіңірген қайраткері (1999)Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8.

Отбасы Үйленген. Жұбайы - Аязбаева Оралтай Қастенханқызы,зейнеткер. Қыздары - Қасымбекова Меруерт (1978 жылы туған), Қасымбекова Айжан (1990 жылы туған). Немересі - Қасымбеков Даниал (2001 жылы туған).

Дереккөздер