thumb|right|250px|"Ән аманат сіз үшін" thumb|right|200px|Жүлде ұсыну кезі thumb|right|200px|Жүргізушілер

«Қазақтың 100 әні» — бұл Қазақстан телеарнасында көрсетілген теледуман. Қазақстанның ән мұрасын бір жүйеге келтіру мақсатында пайда болған жоба. Ол бірнеше кезеңнен тұрады. Тележоба 2011 жылдың 26 ақпанында тұсауы кесіліп, ақтық мәресі 9 шілде күні үздік әндерді шырқаумен аяқталды.http://100an.kaztrk.kz/kaz/projects/Kazaktin_100_ani_teledumani_oz_maresine_zhetti.html#go "Қазақтың 100 әні" теледуманы өз мәресіне жетті.

Жоба барысы Алғашқы кезеңде қазақстандықтар өздерінің сүйікті қазақша әндерін жіберді. Содан кейін, осы әндердің ішінен жиі орындалып жүрген жүздеген композиция іріктеліп алынды. Бұл тізімге әр уақыт кезеңін қамтитын ән үлгілері енді: Абай Құнанбайұлының және басқа да классиктердің халық әндеріне айналып үлгерген шығармаларынан бастап кеңестік кезең мен заманауи шлягерлерге дейін.http://100an.kaztrk.kz/kaz/projects/Zhoba_turali.html#go Жоба туралы

Осыдан кейін жобаның телевизиялық бөлімі басталып, бұл кезең бірнеше айға созылады.

Тележоба «Қазақстан» телеарнасынан аптасына бір рет көрсетіліп тұрды. Жобаның сұрақ-жауап сайысы арқылы әндердің шығу тарихы жөнінде мағлұмат алу мүмкіндігі болды, және де бұл сайыста барлық сұрақтарға дұрыс жауап берген қонақ жобаның жеңімпазы атанып отырды. Сонымен қатар, әр бағдарламадан соң, көрермендердің СМС дауыстары арқылы бес ең танымал ән анықталып, олар қорытынды жүздікке еніп отырды.

9 шілде күні бес айға созылған ауқымды жоба өз мәресіне жетті және жобаның қорытындысы бойынша 100 танымал ән енген CD және DVD жинақтары жарық көрді.http://100an.kaztrk.kz/kaz/projects/Madeni_mura__Ar_ujge.html#go Мәдени мұра - Әр үйге!

Бұқаралық Ақпарат құралдары Қазақстан Республикасының Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Zakon.kz ақпараттық порталындағы бейне-онлайн конференцияда «Қазақтың 100 әні» тележобасын жоғары бағаланған болатын:

«Қазақтың 100 әні» жобасының студиясы 110 дауыс беру терминалдарымен жабдықталып, бұл терминалдар арнайы бағдарламаның негізінде жүзеге асатын компьютерлерге қосылған болатын. Соның арқасында жобаға қатысушы әрбір ойыншының жауабы дәл сол сәтте тіркеліп, қорытыланып отырды.

Бұл жобаға үздік отандық мамандармен қатар, Eurovision ән байқауы сынды басқа да ірі тележобаларды жасап жүрген шетелдік мамандар шақырылды. «Қазақтың 100 әні» жобасы «Қазақстан» Ұлттық арнасында 26 ақпаннан басталған болатын.Кәрім Мәсімов «Қазақтың 100 әні» атты теңдесі жоқ ірі тележобаны жоғары бағалады

Қазақ мәдениетіндегі үлесі «Қазақтың жүз әні» телевизиялық жобасы қазақ халқының бай ән мұрасын насихаттауға бағытталған. Бағдарлама барысында халықтың көмегімен ең танымал 100 туынды іріктеліп алыну қажет болатын.

Үздік 100 ән тізіміне кірген әндер Жеңімпаз болып табылған 100 үздік ән қазақ тыңдарманына арнайы жинақ болып шықты. Үздік жүз әннің тізіміне теледуманның 19 жеңімпазы өз таңдауларымен қосқан 19 ән және көрермен дауыс берген 81 ән енді. Олардың тізімі төмендегідей:

Жеңімпаздардың таңдауымен үздік 100 әнге енген 19 ән: «Шақырады көктем» (Әсет Бейсеуов) - Роза Рымбаева «Өз елім» (Нұрғиса Тілендиев) - Нұрғали Нүсіпжанов «Ғашықтар жыры» (Мұрат Құсайынов) - «Дос-Мұқасан» ансамблі «Ойжайлау» (Кенен Әзірбаев) - Нұрлан Албан «Айттым сәлем қаламқас» (Абай Құнанбаев) – Джаз-бенд «Талисман» «Алтынай» (Құралай Сатмұхаметова) - Ұлықпан Жолдасов «Неткен өмір?» (Ержан Серікбаев) - «НұрМұқасан» дуэті «Әлия» (Сейдолла Бәйтереков) - Роза Рымбаева «Ғашықтар әні» (Кеңес Дүйсекеев) - Мақпал Жүнісова мен Сембек Жұмағалиев «Гүлсезім» (Ескендір Хасанғалиев) - Маржан Арапбаева мен Еркін Мәулен «Той жыры» (Досым Сүлеев) - «Дос-Мұқасан» ансамблі «Сәлем саған, туған ел» (Кеңес Дүйсекеев) - Маржан Арапбаева, Еркін Мәулен «Наурыз –думан» (Талғат Сарыбаев) - Роза Рымбаева «Жәриямайдай» (Халық әні) - «Қоңыр» тобы «Мен – қазақпын!» (Ерболат Құдайбергенов) - Ерболат Құдайбергенов «Жанарым» (Ескендір Хасанғалиев) - Ескендір Хасанғалиев «Әнім сен едің» (Шәмші Қалдаяқов)- Рамазан Сатмғазиев пен Ұлту Қабаева «Қараторғай» (Үкілі Ыбырай) - Әлішер Каримов «Мөлдір тұнық көздерің» (Ілияс Байбосынов) - Қайрат Түнтеков

Көрермендердің дауысы бойынша үздік 100 ән қатарына қосылған 81 әннің тізімі: «Сыған серенадасы» (Шәмші Қалдаяқов) 43.3% «Балқадиша» (Ақан сері) 41.5 % «Күрең күз» (Гүлнар Дәукенова) 38.5% «Мен, мен едім» (Махамбет Өтемісұлы) 27,4 % «Жүрегім менің» (Нұрғиса Тілендиев) 27.3% «Армандастар» (Әсет Бейсеуов) 23.7% «Достарым» (Оспанхан Көшеров) 23.0% «Сағындым Алматымды» (Алтынбек Қоразбаев) 22.9% «Бұлбұл құсым» (Ахметжан Рабжан) 22.2% «Тоғжанның гөй-гөйі» (Тоғжан) 20.6% «Алматының алмасы» (Ескендір Хасанғалиев) 19.5% «Жұбайлар жыры» (Мұхтар Шаханов) 19.4% «Ана туралы жыр» (Шәмші Қалдаяқов) 19.4% «Бір бала» (Халық әні) 18.6% «Жас калам» (Қорабай Есенов) 18.6% «Жас қайың» (Алмахан Кенжебекова) 18.5% «Сарыарқа» (Мейрамбек Жанболатов) 18.5% «Неге солай?» (Жақсыгелді Сейілов) 18.1% «Қорқыт-қобыз» (Рамазан Тайманов) 17.9% «Нүрикамал» (Тұрдығылыш Ізтай) 17.9% «Әсел» (Ілия Жақанов) 17.8% «Айқаракөз» (Халық әні) 17.4% «Үшқоңыр» (Алтынбек Қоразбаев) 17.2% «Қаракөз» (Жібек Оспанова) 17.2% «Жарығым-ай» (Болат Есмұханов) 17.1% «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» (Шәкәрім Құдайбердиев) 17.1% «Егіз-лебіз» (Жұмағұл Қыдырәлиев) 17.0% «Сен сұлу» (Шәмші Қалдаяқов) 16.7% «Махаббат – мәңгі ертегі» (Бауыржан Тұрғараев) 16.7 % «Қоштасудың қиыны-ай» (Алтынбек Қоразбаев) 16.6% «Алтыным» (Әсет Бейсеуов) 16.5% «Ақерке-Ақжайық» (Шәмші Қалдаяқов) 16.4% «Қарағым- ай» (Кеңес Дүйсекеев) 16.0% «Алтайдын ар жағынан» (Тынышбай Рахым) 15.8% «Гүлдәурен» (Мұхтар Шаханов) 15.3% «Асыл әже» (Нұрғиса Тілендиев) 15.3% «Алғашқы махаббат» (Марат Омаров) 15.0% «Аппақ гүлдер» (Құралай Сәтмұхаметова) 14.5% «Бүлдірген» (Халық әні) 14.4% «Тұмарым» (Рамазан Елібаев) 14.0% «Назқоңыр» (Халық әні) 14.0% «Ақтамақ» (Садық Кәрімбаев) 11.4% «Сүгірдің қоштасуы» (Сүгір Бегендікұлы) 13.1% «Айхай, 25!» (Алтынбек Қоразбаев) 12.9% «Нақ-нақ» (Халық әні) 12.7% «Іздедім сені» (Мыңжасар Маңғытаев) 12.7% «Мама» (Александр Зацепин) 12.7% «Өкінбе сен» (Кеңес Дүйсекеев) 12.5% «Жолың болсын, жолаушы» (Әсет Бейсеуов) 12.5% «Аңшының әні» (Халық әні) 12.4% «Әлі есімде» (Әбілахат Еспаев) 12.1% «Іңкәрім-ай» (Төлеген Мұхамеджанов) 12.0% «Атамекен» (Ескендір Хасанғалиев) 11.9% «Аяулым» (Ерлан Белғозиев) 11.6% «Анашым» (Марат Омаров) 11.6% «Қаздар қайтқанда» (Теміржан Базарбаев) 11.6% «Атамекен» (Жанбота Тұяқбаев) 11.3% «Айналайын» (Ескендір Хасанғалиев) 10.9% «Кешікпей келем деп ең» (Шәмші Қалдаяқов) 10.9 % «Қайықта» (Шәмші Қалдаяқов) 10.7% «Япур-ай» (Мағжан Жұмабаев) 10.6% «Кешір мені» (Қуат Шілдебаев) 10.3% «Туған жер» (Бәкір Тәжібаев) 10.1% «Ақбаян» (Халық әні) 10% «Кеш мені» (Ерболат Беделхан) 10% «Ақсаусақ, бұраң бел» (Халық әні) 9.8% «Алматым жүрегімде» (Әсет Бейсеуов) 9.8% «Саржайлау» (Нұрғиса Тілендиев) 9.8% «Гәкку» (Үкілі Ыбырай) 9.6% «Қарайкөзім» (Халық әні) 9.6% «Қысмет» (Әсет Найманбаев) 9.6% «Көкшолақ» (Кенен Әзірбаев) 9.5% «Бақыт деген» (Б.Жұмалин) 9.5% «Дудар-ай» (Өлебай ақын) 9.3% «Есіңе мені алғайсың» (Елена Әбдіхалықова) 9.1% «Тау ішінде» (Сәкен Сейфуллин) 9.0% «Асыл ана» (Кеңес Дүйсекеев) 8.9% «Кетсең де шалғай» (Сейітқали Қайырғалиев) 8.8% «Көзімнің қарасы» (Абай Құнанбайұлы) 8.8% «Анаға сәлем» (Ескендір Хасанғалиев) 8.7% «Куә бол» (Нұрғиса Тілендиев) 8.6%

Фототоптама

Эпизодтар Эпизодhttp://100an.kaztrk.kz/kaz/episodes/#go Эпизодтар Көрсетілім күні Эпизод жеңімпаздары Шырқалған әндер мен орындаушылар тізімі 1http://100an.kaztrk.kz/kaz/episodes/episod1/ 26 ақпан 2011 (алғашқы көрсетілімі) «Жігер» ансамблінің жетекшісі - Камчат Киезбаев 1 «Шақырады көктем», Роза Рымбаеваның орындауында

2 «Сонда сен мені есіңе ал», Ескендір Хасанғалиевтің орындауында

3 «Көзімнің қарасы», Бауыржан Исаевтың орындауында

4 «Су тасушы қыз әні», Дос Мұқасан тобының орындауында

5 «Ақ маңдайлым», Жеңіс Ысқақованың орындауында

6 «Бүлдірген», Қарақат Әбілдинаның орындауында

7 «Жайдарман», Дос Мұқасанның орындауында

8 «Дудар ай», Жұбаныш Жексенұлының орындауында

9 «Бір бала», Мәдина Сәдуақасованың орындауында

10«Сүгірдің қоштасуы», Қыдырәлі Болмановтың орындауында

11 «Қазақ елі», Роза Рымбаеваның орындауында 2http://100an.kaztrk.kz/kaz/episodes/episod2/ 5 наурыз 2011 музыкант - Роман Майғазиев 1 «Алатау», орындаушы Нұрғали Нүсіпжанов

2 «Нақ-нақ», орындаушы «Қоңыр» тобы

3 «Әке туралы жыр», орындаушы Гүлнұр Оразымбетова

4 «Мен, мен едім», орындаушы Ерболат Құдайбергенов

5 «Сыр сұлуы», орындаушы Жеңіс Ысқақова

6 «Әдемі-ау», орындаушы Ескендір Хасанғалиев

7 «Қысмет», орындаушы Гауһар Қаспақова

8 «Сағындым Алматымды», «МузАРТ» тобы

9 «Ауылға», орындаушы Бақтияр Тайлақбаев

10 «Еділ мен Жайық», орындаған Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласы

11 «Өз елім», орындаушы Нұрғали Нүсіпжанов 3http://100an.kaztrk.kz/kaz/episodes/episod3/ 12 наурыз 2011 хореограф - Гүлнар Разуанова 1 «Ауылым-әнім», орындаушы Ескендір Хасанғалиев

2 «Көз салма», орындаушы топ «Әжелер»

3 «Маралдым», орындаушы Алтай Әліпқайыр

4 «Саржайлау», орындаушы Бейбіт Қорған

5 «Жүрегім менің», орындаушы ВИА «МузАрт»

6 «Әгугай домбыра», орындаушы Алтынбек Қоразбаев, Қанат пен Айткүл Құдайбергеновтер

7 «Ғашықтар жыры», орындаушы ВИА «Дос-Мұқасан»

8 «Алтыным», орындаушы Бейбіт Сейдуәлиева

9 «Тамшылар», орындаушы топ «АБК»

10 «Сарыарқа», орындаушы Бағдат Сәмединова

11 «Атамекен», орындаушы Ескендір Хасанғалиев 4http://100an.kaztrk.kz/kaz/episodes/episod4/ 19 наурыз мектеп оқушысы - Ақерке Түркебаева 1 «Әттең тонның келтесі-ай», орындаушы Болат Құсайынов 2 «Қайықта», орындаушы Жеңіс Ысқақова

3 «Қыздар-ай», орындаушы Ақжол Мейірбеков

4 «Сағындым сені», орындаушы Шахизада

5 «Армандастар», орындаушы Мақпал Жүнісова

6 «Әсел», орындаушы Мақсат Базарбаев

7 «Іңкәрім-ай», «Тарлан» тобының орындауында

8 «Тағдыр», «Орда» тобының орындауында

9 «Ойжайлау», орындаушы Нұрлан Албан

10 «Бақыт деген», орындаушы Айжан Нұрмағамбетова

11 «Мұңайма», орындаушы Бақтияр Тайлақбаев 5http://100an.kaztrk.kz/kaz/episodes/episod5/ 26 наурыз 2011 мектеп оқушысы - Салтанат Ерғазиева 1 «16 қыз», «Дос-Мұқасан»

2 «Қайдасың», Шахизада

3 «Той базар» Нұрлан Албан

4 «Арыс жағасында», Нұржамал Үсенбаева

5 «Аңшының әні», Рамазан Стамғазиев

6 «Айттым сәлем қаламқас», Николай Орлов

7 «Сен сұлу», «НұрМұқасан»

8 «Асыл арман», Индира Расылхан

9 «Назқоңыр», Медеу Арынбаев

10 «Балқадиша», Жігіттер

11 «Куә бол», Ақбота Керімбекова 6http://100an.kaztrk.kz/kaz/episodes/episod6/ 2 сәуір 2011 әртіс - Әнуар Шымырқұлов 1. «Алматым сұлу - Астанам», Бақыт Шадаева, музыка авторы: Алпысбай Оңдасынов.

2. «Ағажан, Ләтипа», Халық әні. Ерболат Құдайбергенов пен «Талпын» тобы

3. «Егіз-лебіз», «Арнау» дуэті, авторы Жұмағұл Қыдырәлиев.

4. «Анашым шалқып күлсе», орындаушы Марат Омаров, музыка авторы: Марат Омаров.

5. «Қарағым-ай», орындаушы Ақылбек Жеменей, музыка авторы: Кеңес Дүйсекеев.

6. «Қимай сені барамын», орындаушы: Меруерт Түсіпбаева, музыка авторы: Төлеген Мұхамеджанов.

7. «Алтынай», орындаушы: Ұлықпан Жолдасов, музыка авторы: Құралай Сатмұхаметова.

8. «Аяла сен мені», орындаушы: Жеңіс Ысқақова, музыка авторы: Жеңіс Сейдоллаұлы.

9. «Алтайдың ар жағынан келген ару», орындаушы: Сәкен Қалымов, музыка авторы: Тынышбай Рахым.

10. «Дедімай-ау», орындаушы: Тамара Асар. Халық әні.

11. «Асылым», орындаушы: Жеңіс Ысқақова, музыка авторлары: Алтай Әліпқайы, Ілия Жақанов. 7http://100an.kaztrk.kz/kaz/episodes/episod7/ 9 сәуір 2011 студент - Ұлпан Өмірзақова 1. «Деме сен», орындаушы Мақпал Жүнісова

2. «Қарайкөзім», орындаушы Әлия Әбікенова

3. «Құралай қыз», орындаушы Жеңіс Сейдолла

4. «Алғашқы көктем», орындаушы Гауһар Қаспақова

5. «Өкінбе сен», орындаушы Жұбаныш Жексенұлы

6. «Жас қалам», «Жігіттер» тобының орындауында

7. «Неткен өмір», «НұрМұқасан» тобының орындауында

8. «Жан сырым», орындаушы Құрмаш Маханов

9. «Мен деп ойла», орындаушы Айжан Нұрмағамбетова

10. «Жарығым-ай», «Каспий» тобының орындауында