Рама - элементтері бір-бірімен берік байланысқан көліктің торап- тары мен агрегаттарын орналастыруға қажетті жүк көтергіш жүйе. Автомобиль рамасы - көлікті алып жүретін рама түріндегі жүйе, бір-бірімен келденең байланысқан бойлық арқалықтан тұрады. Велосипед рамасы - велосипедтің негізгі бөлігі, әдетте жеке түтікшелі элементтерден жиналған және велосипедтің барлық түйіндерін біріктіру қызметін атқарады. Жабық рама - велосипед рамасы, жоғарғы келденең немесе келбеу түтік оның үзындығының жоғарғы үштігіндегі отырғыш түтігімен бірігеді. Жабық қалыпты рама - пісіріліп бекітілген жабық корапты қалып элементтерінен түратын автомобиль рамасы. Лонжеронды рама - бір-бірімен екі көлденелермен бекітілген белдік-лонжерондар-дан түратын автомобиль рамасы. Тірек катоктардың рамасы - сүйеу роликтері мен керуші құрылғыны үстап түратын тіректі катоктарды орналастыруға қызмет ететін трактор шынжыр табанының арбашығының бөлігі. Ашық рама - үстіңгі түтігі отырғыш асты түтігімен оның ұзындығының төмеңгі үштігінде косылған велосипед рамасы. Моторасты рама - күштік агрегаты орнатылатын жеңіл автомобиль кузовына қосылған рама. Жартылай ашық рама - үстіңгі түтігі отырғыш асты түтігімен оның үзындығының орташа үштігі белігінде қосылған велосипед рамасы Базасы төмендетілген рама - автомобиль рамасы, доңғалақтарды орналастыру үшін алдыңғы және артқы бөліктерінде жоғарыга кайырылған алдынғы және артқы доңғалақтары арасында төменге түсірілген орта бөлігі бар. Түтікті рама - арқалығы күбыр түрінде жасалған автомобиль рамасы. Жота тәрізді рама - агрегаттарды бекіту үшін кронштейндері бар жабық пішін, бір ғана орталықғы бойлық белдіктен түратын автомобиль рамасы. Шынының рамасы - автомобиль шанақ түсірілетін немесе бұрылатыншынысыныңметаллдық окантовкасы.Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.

Дереккөздер

Санат:Көлік бөлшектері