«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы («Қазақстан» РТРК» АҚ) — «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасын, «Qazsport», «Balapan», «Abai TV» телеарналарын, Қазақ радиосын, «Шалқар», «Classic» радиоларын және аймақтық 14 телерадиокомпанияны біріктіретін Қазақстандағы ақпараттық саясатты жүзеге асыратын ең ірі медиа құрылым.
Тарихы 1921 жылы негізі қаланған Қазақ радиосы мен 1958 жылы құрылған Республикалық бірінші телеарнадан басталады.Корпорация туралы 2025 жылғы тамыздан бастап телерадиокорпорацияның Басқарма төрағасы — Ернұр Бурахан.
Тарихы Телерадиокорпорация тарихы 1921 жылдан бастау алады, сол жылы Пошта мен телеграфтар Халық комиссариаты эфирге Қазақ радиосын шығарды. 1933 жылы радио Қазақ АКСР-і Радиофикация және радио хабарларын тарату комитетінің тікелей бағынысына өтеді, ал 1978 жылы Комитеттің атауы Қазақ КСР Телевидение және радио хабар тарату жөніндегі мемлекеттік комитеті (Қазақ КСР Мемтелерадио) болып өзгерді.
1951 жылы 22 наурыз күні КСРО Министрлер Кеңесінің қаулысымен КСРО-ның Орталық телевизия студиясы құрылды. 1957 жылы Үкімет радио және теледидарды Мәдениет министрлігі құрамынан бөлек шығару туралы шешім шығарып, КСРО Министрлер Кеңесінің жанынан Радио және телехабарлар тарату жөніндегі комитет құрылды. Бұл жаңалықтың ізін ала 1957 жыл 29 маусымда Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Телевизия және радиохабарлары жөніндегі комитет құру туралы қаулы қабылдады. Осылайша, арада 8 ай өткеннен кейін 8 наурызда Қазақ телевизиясы дүниеге келді. 1958 жылы Қарағанды мен Өскеменде, 1959 жылы Жезқазғанда, 1960 жылы Петропавлда облыстық студиялар ашылды. Бұдан кейін Целиноград, Орал, Балқаш, Семей қаласында студиялар ашылып, аталмыш бағытта жұмыс жалғаса берді.Қазақ телевизиясы бүгін 60-тың асуына шықты
1958 жылдың 8 наурызынан бастап Мемтелерадио Орталық телевидениенің (ОТ) Бірінші программасын таратуды бастады, оның ішінде қазақ программалары үшін «өңірлік терезе» қалдырылды. Кейінірек Қазақ КСР Мемтелерадиосының хабарлары жеке программаға, «Қазақ телевидениесіне» кіріп, бүкіл Қазақ КСР аумағын қамтыды.
1991 жылы 17 қыркүйекте Қазақ КСР Мемтелерадиосы таратылып, орнына Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігіне бағынатын Қазақ мемлекеттік телерадио хабарларын тарату компаниясы құрылды.О создании Казахской госудаpственной телеpадиовещательной компании
1992 жылғы 18 қыркүйекте Қазақ мемлекеттік телерадио хабарларын тарату компаниясы мен облыстық телерадиокомпаниялар негізінде Министрлер Кабинетінің жанынан «Қазақстан» Мемлекеттік телерадио хабарларын тарату компаниясы құрылды. Ол Қазақстанның телерадиохабар мәселелерi жөнiндегi орталық мемлекеттiк басқару органы ретінде жұмыс істеді.О создании Госудаpственной телеpадиовещательной компании "Казахстан"
1994 жылы 4 сәуірде Мемлекеттік телерадиокомпания таратылып, Министрлер Кабинетiнiң жанынан «Қазақстан» теледидары мен радиосы» республикалық корпорациясы құрылды."Қазақстан теледидары мен радиосы" республикалық корпорациясын құру туралы
1994 жылы 20 мамырда Корпорация құрылымында «Хабар» ұлттық телевизиялық ақпарат агенттігі құрылды. 1995 жылы 23 қазанда республикалық мемлекеттік кәсіпорын түрінде «Хабар» агенттігі Корпорациядан бөлініп шықты.
2001 жылдың тамызынан 2002 жылдың мамырына дейін корпорация «Хабар» агенттігі» Жабық акционерлік қоғамының сенімгерлік басқаруында болды.Мемлекеттік меншікті басқарудың кейбір мәселелері туралы
2003 жылы 7 қаңтарда «Қазақстан» теледидары мен радиосы» республикалық корпорациясының атауы «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы болып өзгертілді. 2004 жылы 26 наурызда 2003 жылғы жаңа «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңға орай «Қазақстан» РТРК» жабық акционерлік қоғамы «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамы болып қайта тіркелді.
2008-2010 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты «Арна Медиа» Ұлттық ақпараттық холдингі» АҚ құрамында болды.
2010 жылы 31 мамырда «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің қоры» қоғамдық қоры «Еуразия+ОРТ» ЖШС-нің 80% үлесіне иелік ететін «Телевизия жаңалықтары агенттігі» ЖШС компаниясын Корпорация меншігіне сыйға тартты.Аудиторский отчет за 2010 год
2011 жылы «Қазақ ақпарат агенттігі» Ұлттық компаниясы» АҚ таратылып, «Қазақстан» РТРК» АҚ құрамына қосылды. 2013 жылы 16 қазанда Корпорация құрамында «Қазақпарат» Халықаралық ақпараттық агенттігі» ЖШС тіркелді. 2016 жылы 20 желтоқсанда «Қазақпарат» халықаралық ақпарат агенттігі» ЖШС Корпорация құрамынан шығып, республикалық меншікке өтті.
2016 жылы 14 желтоқсанда Корпорация құрамында 4 радионы біріктіретін «Республикалық радио» ЖШС тіркелді. 2017 жылы 30 қазанда «Республикалық радио» ЖШС атауы «Қазақ радиолары» ЖШС болып өзгертілді.
2025 жылы Корпорацияға қарайтын Астана радиосы Президент телерадиокешеніне өтіп, «Jibek Joly» радиосы ашылды.Знакомьтесь — новое радио «Jibek Joly»!
Басшылары + № Жылдар Аты-жөні Фото Лауазымы 1 1957-1959 Қанапия Мұстафин Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесі жанындағы Радиохабарлар және теледидар жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы 2 1959-1962 Құрманбек Сағындықов Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесі жанындағы Радиохабарлар және теледидар жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы 3 1962-1969 Кенжеболат Шалабаев Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесінің Радиохабарлар және теледидар жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесі жанындағы Радиохабарлар және теледидар жөніндегі комитет төрағасы 4 1969-1975 Кеңесбай Үсебаев Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесінің Теледидар және радиохабарлар жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы 5 1975-1983 Хамит Хасенов Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесінің Теледидар және радиохабарлар жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы Қазақ КСР-і Теледидар және радиохабарлар жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы 6 1983-1986 Камал Смайылов 50px Қазақ КСР-і Теледидар және радиохабарлар жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы 7 1986-1990 Ғаділбек Шалахметов Қазақ КСР-і Теледидар және радиохабарлар жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы 8 1990-1991 Сағат Әшімбаев Қазақ КСР-і Теледидар және радиохабарлар жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы 9 1991-1992 Ғаділбек Шалахметов Қазақ мемлекеттік телерадиохабар тарату компаниясының төрағасы 10 1992-1994 Шерхан Мұртаза 50px «Қазақстан» мемлекеттік телерадиохабар тарату компаниясының төрағасы 11 1994-1995 Ләйлә Бекетова «Қазақстан теледидары мен радиосы» Республикалық Корпорациясының президенті 12 1995-1996 Әшірбек Көпішев «Қазақстан теледидары мен радиосы» Республикалық Корпорациясының президенті 13 1996-2001 Ерлан Сатыбалдиев «Қазақстан теледидары мен радиосы» Республикалық Корпорациясының президенті «Қазақстан теледидары мен радиосы» Республикалық Корпорациясы» Жабық Акционерлік Қоғамының президенті 14 09.2001-08.2002 Есетжан Қосубаев «Қазақстан теледидары мен радиосы» Республикалық Корпорациясы» Жабық Акционерлік Қоғамының Басқарма Төрағасы 15 08.2002-04.2006 Ғалым Доскен «Қазақстан теледидары мен радиосы» Республикалық Телерадиокорпорациясы» Жабық Акционерлік Қоғамының Басқарма Төрағасы «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» Жабық Акционерлік Қоғамының Басқарма Төрағасы «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» Акционерлік Қоғамының Басқарма Төрағасы 16 04.2006-12.2007 Нұртілеу Иманғалиев «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» Акционерлік Қоғамының Басқарма Төрағасы 17 12.2007-09.2008 Дәурен Әбдіхамитов «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» Акционерлік Қоғамының Басқарма Төрағасы 18 09.2008-07.2011 Жанай Омаров «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» Акционерлік Қоғамының Басқарма Төрағасы 19 07.2011-10.2016 Нұржан Мұхамеджанова «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» Акционерлік Қоғамының Басқарма Төрайымы 20 10.2016-01.2017 Кемелбек Ойшыбаев «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» Акционерлік Қоғамының Басқарма Төрағасы 21 02.2017-04.2019 Ерлан Қарин «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» Акционерлік Қоғамының Басқарма Төрағасы 22 04.2019-08.2025 Ләззат Танысбай 50px «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» Акционерлік Қоғамының Басқарма Төрайымы 23 08.2025- Ернұр Бурахан «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» Акционерлік Қоғамының Басқарма Төрағасы
Құрылымы Акционерлік қоғамның жоғары басқару органы — Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі атынан Жалғыз акционер.
Акционердің мүдделерін қамтамасыз етуді бақылау және құқықтарын сақтауды жүзеге асыратын Қоғамның стратегиялық басқару органы — Директорлар кеңесі.
Қоғамның ағымдағы қызметіне басшылық етуші атқарушы орган — Басқарма.
Директорлар кеңесіне Қоғамның қаржылық-шаруашылық қызметі бойынша тәуелсіз ақпаратты Директорлар кеңесіне тікелей бағынатын және есеп беретін Ішкі аудит қызметі ұсынады.Корпоративтік басқару
Басқарма құрылымы +Басқарма Төрағасы: Ернұр БураханБасқарма Төрағасының орынбасары: Бибігүл ЖексенбайБасқарма Төрағасының орынбасары: Еркін МұхамеджановБасқарма Төрағасының қаржылық және әкімшілік мәселелер жөніндегі орынбасары: бос орынБасқарушы директор: бос орын"Qazaqstan" ұлттық телеарнасы"Qazsport" телеарнасыҚаржылық қамтамасыз ету департаментіАнонс бөлімі"Balapan" телеарнасы"Abai TV" телеарнасыТехникалық қамтамасыз ету департаментіДиджитал департаментАлматы қаласындағы филиал"Алтын қор" телерадиоқор департаментіКоммерциялық қызмет департаментіМаркетинг және медиа аналитика бөліміҚұрылымДубляж бөліміӨндірістік орталықАқпараттық қауіпсіздік департаментіТелехикаялар өндірісі бөліміАймақтық филиалдармен жұмыс бөліміПерсоналды басқару департаментіДистрибуция және сатып алу бөліміОблыстық филиалдар (14 филиал)Құқықтық қамтамасыз ету департаментіЕншілес ЖШС: "Қазақ радиолары" ЖШС, "Телевизия жаңалықтары агенттігі" ЖШСҚұжаттамалық қамтамасыз ету департаментіШаруашылық қамтамасыз ету департаменті
Директорлар кеңесі құрамы бос орын — директорлар кеңесінің төрағасы Қанат Ысқақов — Мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі Нұрмахан Әділбеков — Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Ернұр Бурахан — «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма Төрағасы Айдана Әбішева — тәуелсіз директор Эльнура Абақанова — тәуелсіз директорБасшылар туралы мәлімет
Еншілес ұйымдар «Қазақстан» телерадиокорпорациясының еншілес ұйымдары қатарына 2 компания мен «Хабар» агенттігімен бірлесіп құрған қор кіреді: «Қазақ радиолары» ЖШС — Корпорацияға қарасты республикалық 3 радионы басқаратын компания. 2016 жылы желтоқсанда құрылған. «Телевизия жаңалықтары агенттігі» ЖШС — Еуразия бірінші арнасының («Еуразия+ОРТ» ЖШС) мемлекетке тиесілі 80% үлесін басқарушы компания. Тұңғыш Президент қорынан Корпорация меншігіне 2010 жылы өткен. «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры — 2020 жылы отандық бұқаралық ақпарат құралдары мен медиа саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында құрылған корпоративтік қор.
Республикалық телеарналар мен радиостанциялар № Арна атауы Логотип Құрылды Сипаттама Директор Маңызды бағдарламалар 1 Qazaqstan 1958 Қазақстанның бірінші ұлттық телеарнасы. Арна нөмірі: 1. Тілі: қазақша Жалғас Алтаев Таңшолпан, Апта, Ашық алаң, Ақорда 2 Balapan 2010 Қазақстанның бірінші балалар телеарнасы. Арна нөмірі: 4. Тілі: қазақша Мақпал Укенова Balapan live, Кім тапқыр, Кішкентай дәрігер 3 Qazsport 2013 Қазақстанның бірінші спорттық телеарнасы. Арна нөмірі: 6. Тілі: қазақша, орысша Нағи Бақытбеков СПОРТты ТАҢда, Sport Review 4 Abai TV 2020 Мәдениет және өнер телеарнасы. Арна нөмірі: 5. Тілі: қазақша, орысша Азамат Кеңесұлы Сарасөз, Киелі сахна, Шаңырақ, Сана
+ "Қазақ радиоларына" қарасты радиостанциялар Бас директоры: Нұртас Көшеров № Радио атауы Логотип Құрылды Сипаттама Директор Маңызды бағдарламалар 1 Қазақ радиосы 1921 Қазақстанның тұңғыш радиосы. Жиілігі: 106,8 FM. Тілі: қазақша, орысша, немісше, ұйғырша, өзбекше, украинша, түрікше, татарша Таңғы көңілашар, Мінбер, Бір толқында 2 Шалқар радиосы 1966 Қазақ халқының руханиятын насихаттайтын радио. Жиілігі: 100,4 FM. Тілі: қазақша Болатбек Төлепберген Шалқар таңы, Әлқисса, Күй-шежіре 3 Classic радиосы 2011 Классикалық музыканың радиостанциясы.