Ала әд-Дин Әли әл-Құсшы Ала әд-Дин Әли ибн Мұхаммед әл-Құсшы (1403 жылы шамамен, Самарқанд - 1474 жылы, Стамбұл қаласы) - астроном, математик, Ұлықбектің Самарқандағы астрономиялық мектебінің өкілі.

Самарқанда, Керманда білім алған. Самарқанға оралған соң Ұлықбек обсерваториясының негізін қалауға атсалысты. Ол Ұлықбектің астрониялық кестесін («Жаңа астрономиялық кестені») жасауға үлкен үлес қосты. Ұлықбек қайтыс болған соң Самарқаннан кетуге мәжбүр болды. 1473 жылы Стамбұлға келіп, медреседе дәріс берді.

Осман сұлтаны ІІ Мұхаммед ханға (1451 - 1481 ж.ж.) арнаған әйгілі «Мұхаммедия» атты еңбек жазды. Оның бұдан басқа «Арифметика туралы трактат», «Астрономия туралы трактат», «Ай пішінді фигураларды шешу», «Фатхия», «Гурган кестелеріне түсініктеме» атты трактаттары бар.Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1

Дереккөздер

Санат:1403 жылы туғандар Санат:Самарқанда туғандар Санат:1747 жылы қайтыс болғандар Санат:Ыстанбұлда қайтыс болғандар Санат:Орта ғасырлық Шығыс астрономдары Санат:Орта ғасырлық Шығыс математиктері