Александр Григорьевич Дубовенко - 1955 жылы 15 сәуірде Ақтөбе облысының Шұбарқудық кентінде туған. Орыс. 10 мақала мен 15 жарияланымның авторы. Хронологиясы Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген (1980),экономист. 1972 жылдан - «Қазмұнайгазбарлау» басқармасының Ақтөбе автобазасының жүргізушісі. 1975 жылдан - Ақтөбе облыстық Мемлекеттік банк кеңсесінің экономисі, 1978 жылдан - аға экономисі. 1983 жылдан - Ақтөбе қаласы Пролетар аудандық атқару комитетінің ұйымдастырушылық-нұсқаушылық бөлімінің меңгерушісі. 1985 жылдан - Ақтөбе облыстық халықтық бақылау комитетінің нұсқаушысы. 1987 жылдан - қазақстан Компартиясы Ақтөбе облыстық комитеті партиялық ұйымдастыру және мамандармен жұмыс бөлімінің нұсқаушысы, 1988 жылдың қарашасынан -жауапты ұйымдастырушысы, 1988 жылдың желтоқсанынан - меңгерушінің орынбасары, 1990 жылдан - жауапты ұйымдастырушысы. 1991 жылдан - Ақтөбе облыстық мемлекеттік мүлік жөніндегі комитеті төрағасының бірінші орынбасары. 1994 жылдан - «Делойт және Туш» американдық компаниясының кеңес берушісі. 1995 жылдың сәуірінен - «Жайық» ЖШС менеджері. 1995 жылдың желтоқсанынан - «Лад» ЖШС инженері, 1996 жылдан - бас директорының орынбасары, 1999 жылдан - бас директоры. 2009 жылдан бері - Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары. Қалалық, аудандық Халық депутаттары кеңесінің 2 шақырылымының депутаты. Грамоталармен марапатталған.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер